Анонс


«Жамбыл» энциклопедиясының тұсаукесері өтеді

Жексенбі, 06 Қараша 2016 03:29
«Жамбыл» энциклопедиясының тұсаукесері өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Қазақ энциклопедиясы» баспасы мемлекеттік тапсырыс аясында 2016 жылғы 11 қараша күні Астанадағы «Көрме» орталығында сағат 13.00-де «Жамбыл» тұлғалық энциклопедиясының тұсаукесерін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бұл кітап – қазақтың маңдайына біткен біртуарлар жайындағы санаулы ғана тұлғалық энциклопедиялардың бірі. Аталмыш баспадан бұған дейін Абай, Қ.Сәтбаев, Абылайхан секілді тұлғалық энциклопедиялар басылып шыққан болатын. Бұл басылымға елімізге танымал ғалымдар, жазушылар, зерттеушілер атсалысты. Соның арқасында қолдарыңызға тигелі отырған баспа өнімінің ғылыми құндылығы арта түсті. Кітапқа 3 мыңдай мақалалар енгізілді. Олардың ішінде ғылыми зерттеу тұрғысындағы мақалалар, ақынның өлең-жырлары, дастандары, айтыстары туралы мағлұматтар, жыр алыбы жайында жазылған кітаптар, салынған суреттер, түсірілген фильмдер, оған арналып шығарылған ән-күйлер, сонымен қатар қарт жыраудың ән-күйлері туралы нақты деректер түгелдей қамтылды. Тұсаукесерге еліміздің белгілі қаламгерлерлері мен әдебиеттанушылары, БАҚ өкілдері және жыр алыбының бүгінгі тікелей ұрпақтары қатысады.

Тел.: 8-702-944-94-41, пошта: kazenc@mail.ru

1344 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper