Анонс


Ұлттық музей Орбұлақ шайқасын еске алды

Жұма, 30 Қараша 2018 00:34
Ұлттық музей Орбұлақ шайқасын еске алды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Орбұлақ шайқасына 375 жыл толуына орай «Бабалар ерлігі ізімен» атты тарихи - танымдық кездесу өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – өткенді еске ала отырып, жастарға патриоттық тәрбие беру.

Еліміздің ертеңі саналатын жас ұрпақ үшін өз халқының тарихын терең білу – басты парыз. Тұғыры мықты Тәуелсіз ел болудың басты талабы сол, тарихымызды танып, өшкенімізді қайта жаңғыртып, ұмыт болған құндылықтарды қалпына келтіру. Ел үшін, жер үшін қасық қаны қалғанша күрескен батыр бабаларымыздың қайсар рухы, ерлігі мен жігері бүгінгі ұрпаққа өнеге болмақ. Сондай ұлы шайқастың бірегейі – 1643 жылы болған Орбұлақ шайқасы.

Алты жүз ғана қазақ сарбазымен елу мың жоңғар әскерінің арасында болған қанды шайқаста Жәңгір ханның жеңіске жеткені тарихтан белгілі. Биыл осы айтулы тарихи оқиғаға  375 жыл толып отыр. Қазақ тарихында үлкен маңызы бар бұл шайқастың келер ұрпаққа насихатталуы артықтық етпейді. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тарихын ұмытқан адам ұлт ретінде де, халық ретінде де, өзі де жоғалуға бейім тұрады», - деген болатын. Осындай игі іс-шаралардың қатары көбейсе, тарихымыз ұлықталып ұмыт болмасы айдан анық.

Тарихи-танымдық кездесуге ҚР Ұлттық музейдің ғылыми қызметкерлері, колледж студенттері қатысты.

2722 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper