Анонс


Отырар қорық-музейі белгілі археологқа құрмет көрсетті

Сәрсенбі, 22 Қараша 2017 23:35
Отырар қорық-музейі белгілі археологқа құрмет көрсетті KAZMUSEUM.KZ -  

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейі директорының кеңесшісі, археолог, ғалым Алдабергенов Нұртаза Орынханұлы 20-қараша күні 70 жасқа толады. Осыған орай, Отырар қорық – музейінде ҚР Мәдениет қайраткері Нұртаза Орынханұлын мерей тойымен құттықтау мақсатында арнайы дөңгелек үстел өтті.

Құттықтауға арналған арнайы жиынға т.ғ.д., профессор Мадияр Елеуов, т.ғ.д., профессор Аманжол Қалыш, т.ғ.к., доцент Ғани Омаров, т.ғ.к. Марат Тұяқбаев пен шәкірттері, достары, бауырлары және музей қызметкерлері қатысты. Ғалымның ғылыми еңбектері мен археология саласына қосқан үлесі және ұстаз жолындағы жетістіктері жайлы естеліктер айтылып мерейтой иесіне сый-сияпаттарын табыстады. Сондай-ақ  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне 80 жыл толуына орай арнайы жасалған төсбелгісімен марапаттады. Жиын соңында Аманжол Қалыш Нұртаза Орынханұлының 70 жылдығына арнайы шығарылған  биобиблиографиясы мен ғалым туралы естеліктер жинақталған кітапшаны және жылда шығып отыратын  «Оразбаев оқулары» жинағын музей кітапханасына сыйға тартты.

 

 

2562 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper