Анонс


"Әзірет Сұлтан" қорық-музейі сайтының мобильдік қосымшасы жарыққа шықты

Жұма, 26 Сәуір 2019 23:27
"Әзірет Сұлтан" қорық-музейі сайтының мобильдік қосымшасы жарыққа шықты KAZMUSEUM.KZ -  

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және тарихи тұлғалар мен орындар жайлы мәлімет беруге арналған мобильдік қосымша іске қосылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Қосымша арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысу және 3D-тур арқылы тамашалау, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттар алу, директор блогы арқылы байланыс орнату, музейге түсетін қаржы және қонақтарға көрсетілетін қызметтер жайлы мәлімет алып, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды оқуға мүмкіндік қарастырылған. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі» РМҚК-нің мобильді қосымшасын Google Play Market арқылы жүктеп алуға болады», - делінген музейдің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 Айта өтейік, Қазақстан музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған "Kazmuseum.kz" қорының деректеріне сәйкес, бұл мобильдік қосымша Қазақстан музейлері арасында екінші болып қолданысқа енген мобильдік қосымша болып саналады. 

2387 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper