Абай шығармаларының алғашқы басылымдары көрмеге қойылды

Жұма, 16 Тамыз 2019 16:26
Абай шығармаларының алғашқы басылымдары көрмеге қойылды KAZMUSEUM.KZ -  

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде қазақтың ұлы ақыны, әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абайды оқы, таңырқа» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрмеге Абайдың 1909 жылы Санкт-Петербург қаласынан жарық көрген тұңғыш өлеңдер жинағы, 1922 жылы Қазан, Орынбор қалаларында басылған шығармалар жинағы, 1933, 1945, 1948 жылғы және әр жылдары баспадан шыққан т.б. жинақтары қойылды.
Абай шығармалары әлем тілдеріне аударылғаны мәлім. Көрмеге кітапхана қорындағы ағылшын, қытай, француз, неміс, түрік, моңғол, белорусь тілдеріндегі аудармалары қойылды.
Сонымен қатар соңғы 2019 жылы жарық көрген М.Әуезовтің «Абай жолы» романы қойылды.
Көрмеден бөлек музейге келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында «Сіздің кітап көрмесінен алған әсеріңіз», «Осы көрмеге қойылған қай кітапты оқыдыңыз?», «Өзіңіз білетін Абайдың бір шығармасынан үзінді қалдырыңыз?» деген сұрақтар қойылып, арнайы бұрыш дайындалды.

Көрмені арнайы шақырылған қонақтар тамашалап, алған әсерлерін пікір кітабына қалдырды.тап көрмесінен алған әсеріңіз», «Осы көрмеге қойылған қай кітапты оқыдыңыз?», «Өзіңіз білетін Абайдың бір шығармасынан үзінді қалдырыңыз?» деген сұрақтар қойылып, арнайы бұрыш дайындалды.
Көрмені арнайы шақырылған қонақтар тамашалап, алған әсерлерін пікір кітабына қалдырды.

126 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper