Анонс


Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ғасырлар аманаты» жобасын іске асырды

Сейсенбі, 28 Мамыр 2019 23:23
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ғасырлар аманаты» жобасын іске асырды KAZMUSEUM.KZ -  

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақмола облысының қалалары мен аудандарында «Ғасырлар аманаты» атты кешенді тарихи-этнографиялық көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты облыстық музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде жоспарланған.

 Ақмола облысы өзінің тарихи және рухани мұраларын бай, мұнда әлемдік мәдениеттерді жалғастырған  ежелгі керуен жолдары тоғысқан.  Ақмола-Көкше Ұлы Даланың даңқты хандарының, батырларының, билері мен ақындарының Отаны болды. Солардың арасында қазақ қоғамының әртүрлі жіктерін топтастыруда маңызды рөл атқарған, мемлекеттік аумақтық бірлігін қалпына келтірген, Қазақ хандығын басқаруда түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырған, көрнекті саясаткер, қолбасшы Абылай ханның орны бөлек.

Ақмола жері - ұлттық интеллигенцияның бесігі. Өлкенің рухани өмірінде ұлы Үмбетей жыраудың, Біржан салдың, Ақан серінің, Балуан Шолақтың, Шоқан Уәлихановтың, Сәкен Сейфулиннің, Ілияс Есенберлиннің, Иманжүсіптің, Мәлік Ғабдуллиннің және басқаларының шығармашылығы ерекше орын алады.

Аталмыш көрме Ақмола облысының тұрғындарына киелі объектілермен,  және де, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Көкшетау қаласының әдебиет және өнер музейінің қорларында сақталған бағалы артефактар мен  материалдық және рухани мәдениетінің жәдігерлерімен  танысуға мүмкіндік береді.

2275 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper