Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі заманауи суретшілердің арманын орындады

Жұма, 26 Қазан 2018 00:09
Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі заманауи суретшілердің арманын орындады KAZMUSEUM.KZ -  

Ә.Қастеев атындағы Өнері музейінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының қолдауымен жастар шығармашылығының жыл сайынғы ЖасStar халықаралық фестивалінің аясында жас суретшілердің көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жас суретшілердің  «Энергия. Жастық шақ. Өнер» атты байқауы Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Украинаның әр түрлі аймақтарының шеберлерінің сан алуан бағыттар мен техникалық тәсілдерде орындалған 60-астам туындылары Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ көрмесінде басын қосып отыр.

Байқауға қатысуға 80 астам суретші өтініш берді, оның 50-і іріктеуден өтті. Жыл бойы олар бүтін бір сауалдар шоғырына жауап табу үшін ізденеді. Заманауи суретшінің арманы не? Қазіргі заманғы әлеуметтік мәселелер жөнінде не ойлайды? Қоғамға қандай үндеу тастайды?

Байқаудың мақсаты  – көркемдік деңгейі жоғары, мазмұны жағынан маңызды әрі өзекті туындыларды жарыққа шығару. Сондай-ақ, Қазақстанның заманауи өнерін және оның әлемдік көркемдік кеңістікке интеграциялануына қолдау көрсету. Байқау мен көрме бейнелеу өнеріне қызығушылық танытатын аудиторияның назарынан тыс қалмай, жаңа есімдерді ашып, жастардың шығармашылығына дем беріп, еліміздің бейнелеу өнерінің жас шеберлерінің кәсіби көркемдік деңгейін көтеретіні сөзсіз. Байқаудың қазылар алқасының құрамына Республиканың өнер мен мәдениет саласындағы жетекші қайраткерлері енді.

Көрме 27 қарашаға дейін жалғасады.

126 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper