Анонс


Алматыда «?» атты жеке көрме ашылады

Жұма, 24 Ақпан 2017 12:54
Алматыда «?» атты жеке көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде  жас суретші Қабылбек Аршынның «?» атты жеке көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Экспозицияда суретшінің 40-қа жуық туындылары ұсынылады. Қабылбек Аршынның осы туындыларында өзінің өмірге деген жеке көзқарастары қарастырылады. Соның ішінде адам болмысының мәні, өмірдегі орны, жалпы жан дүние еркіндігі, қоғамдағы өзгерістер мен бүгінгі өмірдің құнсыздануы, жалпы ақиқатқа қол жеткізудегі сан қырлы сұрақтарға жауап іздейді.

Қабылбек Аршын 1989 жылы ҚХР, Іле-қазақ облысы, Шапшал ауданында дүниеге келген. 2006 жылы ҚХР көркемөнер колледжінен, 2011 жылы Т.Жүргенов атындағы  Қаз.ҰӨА-нан білім алды. Жұмақын Қайрамбаевтың шәкірті болып табылады.

Жас суретші студент кезінен бастап «Шабыт», «Жастар шығармашылығы», «Дарындарға ғасыр бас иеді», «Алматы-тәуелсіздіктің алтын бесігі» т.б. академиялық, республикалық және халықаралық «көптеген фестивальдар мен конкурстық көрмелерге қатысып, бас жүлдерімен марапатталған.

Көрме 2017 жылғы 3 наурыз күнгі сағат 16.00-де ашылады.

 

2327 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper