Анонс


«Бұланты шайқасы» диорамасының ашылу рәсімі өтті

Сейсенбі, 01 Қыркүйек 2015 09:59
«Бұланты шайқасы» диорамасының ашылу рәсімі өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бұланты шайқасы» диорамасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Алғаш рет ұсынылған «Бұланты шайқасы» диорамасы тарихи деректерге сүйене отырып жасалған көлемді еңбек ретінде бағаланды. Авторлық ұжым қазақ халқының этнографиялық және соғыс тактикасына қатысты мәліметтерді кеңінен қамтыған. Диораманы  ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, мүсіндеуші және суретші Октябрь Секеманов жасады.

Диораманың тарихи және көркемдеу тұжырымдамасын музей директорының орынбасары Раушан Қапарова мен аға ғылыми қызметкер Шолпан Төлегенова, тарих және археология бөлімінің меңгерушісі  Гүлнұр Жолашарова, ғылыми қызметкерлер Бекзат Балтабеков пен Кәбира Макишева тәрізді музей қызметкерлері құрастырды.    

Сондай-ақ, музейде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жаңа экспозицияның да ашылу рәсімі өтті. Экспозицияны жасақтау және жәдігерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын экспозиция бөлімінің меңгерушісі Өтеген Ахмет, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-қайта қалпына келтіруші  Ерғазы Исатаев,  музей суретші-қолөнершілері Кешубай Байдильдинов және Сәбира Өткелова, музей дизайнерлері Веденякина Татьяна және Лариса Шахиджанова. тәрізді мамандар жасаған.

 

3030 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper