Анонс


ҚР Ұлттық музейіндегі Қазақ Хандығы дәуіріне арналған экспозиция (ФОТО)

Жұма, 17 Сәуір 2015 18:02
ҚР Ұлттық музейіндегі Қазақ Хандығы дәуіріне арналған экспозиция (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейі Қазақ Хандығы дәуіріне жататын сирек кездесетін түрлі жәдігерлерді тамашалауға шақырады. Жәдігерлердің көбін этнографиялық сипаттағы экспонаттар құрайды. Назарларыңызға Қазақ Хандығы дәуіріне жататын экпозициядан фоторепортаж ұсынамыз.


Тарақты руынан шыққан Наймантай Байғазы батырдың байрағы. Осы уақытқа дейін Ақселеу Сейдімбектің жеке қорында сақталған.


Төле бидің шапаны (көшірме), Абылай ханның шапаны, Қазыбек бидің шапаны.


Жоңғарлардың қазақтарға қарсы қолданған зеңбіректерінің оқтары. Жарылғыш қасиеті жоқ, тек қақпаны немесе қорғанды бұзу үшін қолданған.


Қазақ Хандығы тұсындағы Сауран және Ташкент теңгелері.


Қазақ Хандығының теңгелері.


Түрлі лауазым иелерінің (ауыл биі, сот кеңсесі, старшындар мен болыстар) мөртабандары.


Ералы мен Жәңгір хандардың мөрлері.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

2484 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper