Анонс


«Ұлытау» музей-қорығында ашық қор экспозициясы ашылды (ФОТО) Таңдаулы

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 16:45
«Ұлытау» музей-қорығында ашық қор экспозициясы ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында ашық қор экспозициясы ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Музейдің қор сақтау қызметі – мәдени мұра жәдігерлерін жинақтауды, есепке алуды және зерттеуді қамтитын, музейдің негізгі бағытының бірі саналады.Қор сақтау бөлімі музейдің ең маңызды саласы болғандықтан, қорға қор қызметкерлерінен басқа бөгде адам кіре алмайды. Ережеге сәйкес қор бөліміне кіру үшін директордың арнайы рұқсаты керек. Бірақ уақыт бір орында тұрмайды, өсу керек, даму керек, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы да заман ағымына сай өзгеріп, қор жұмысын жандандыруда», - деп пікір білдірді  ашық қордың ашылуына байланысты музей әкімшілігі.

Бүгінгі таңда әлемде музей саласында ашық қор экспозициясы жұмыстары дамып келеді. Бұл бағыт шетелде, көрші Ресейде бар.

 

Экспозициялық қордың міндеті – қорда сақталып тұрған жәдігерлердің 80-90% келушілерге көрсету. Бұрын тек қорда сақталып, экспозицияға шығарыла бермейтін жәдігерлер енді қор сақтау ережесінің талаптары мен қауіпсіздік талаптары сақталып, арнайы витриналарға қойылып музей келушілерінің назарына ұсынылатын болады.

Ашық қор экспозициясы жалпы ауданы 500 ш. м. жеке тұрған, жәдігерлерді сақтау үшін арнайы жабдықталған, екі қабатты ғимаратта ашылды.

Ғимаратта 3 зал мен қор сақтауға арналған үш бөлме бар. Барлық жәдігерлер нұсқаулыққа сәйкес бөлек (металл, ағаш, жұмсақ жәдігерлер мен керамика) орналастырылған.

Музей қорының құнды жәдігерлері ережеге сай, қор сақтауға арналған үш залға арнайы тәртіппен қойылмақ.

 

 

Басты фото: Ұлытау (көрнекі сурет).

352 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper