Анонс


Елбасы Астанадағы Әскери-тарихи музейдің экспозицияларын аралап көрді

Сейсенбі, 01 Желтоқсан 2015 23:28
Елбасы Астанадағы Әскери-тарихи музейдің экспозицияларын аралап көрді KAZMUSEUM.KZ -  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының ежелгі заманнан бүгінге дейінгі әскери дәстүрі мен мәдениетінің даму тарихын таныстыратын сирек әрі бірегей экспонаттар қойылған Әскери-тарихи музейдің экспозицияларын аралап көрді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Ұлан» республикалық мектебінің оқушыларымен кездесті. «Жас Ұлан» – Қазақстан Қарулы күштерінің болашақ жауынгерлері екенін атап өткен ел Президенті курсанттардың оқуда үздік болуына тілектестік білдірді. Мемлекет басшысы Отанды бала кезден сүйіп, ата-бабаларымыз сияқты қорғауға және сақтауға дайын  болу керектігін айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Айта өтейік, жаңа музей ғимаратында ел тарихындағы тұңғыш Әскери-тарихи музеймен қатар концерт залы, уақытша көрмелер залы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі мен Орталық ансамблі орналасатын болады.

2470 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper