Анонс


Тарихи ескерткіштерді қорғау ісін халыққа түсіндіру жұмыстары басталды

Сейсенбі, 17 Қаңтар 2017 00:43
Тарихи ескерткіштерді қорғау ісін халыққа түсіндіру жұмыстары басталды KAZMUSEUM.KZ -  

 «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Түркістан қалалық әкімшілігімен бірлесіп, Түркістан аумағындағы 12 ауылдық округте орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша танысу-түсіндіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды kazmusem.kz сайты.

Иассы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуге Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Е.Есжан, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және археология бөлімінің меңгерушісі М.Тұяқбаев, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінің инспекторы Ж.Әбсадық, археолог Қ.Мұсабаевтар қатысты.

Кездесуде тұрғындарға ескерткіштерді қорғау және сақтау бойынша арнайы заң мен бұйрықтар таныстырылды. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау, насихаттау бағытындағы жұмыстар әрі қарай өз жалғасын таба бермек.

2788 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper