Анонс


ONLINE КУРС: 6-ЛЕКЦИЯ «Музейдің қор сақтау әлемі»

Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020 15:00
ONLINE КУРС: 6-ЛЕКЦИЯ «Музейдің қор сақтау әлемі» KAZMUSEUM.KZ -  

Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының 6-видеолекциясын ұсынамыз.

 

Лекцияның тақырыбы: «Музейдің қор сақтау әлемі». Лекцияны Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің қызметкері Бейбіткүл Әженқызы Абирова оқиды.

Ұзақтығы: 5 минут 30 сек.

 

Қатысушылар №2 қосымшаға сәйкес, бүгінгі лекцияны тыңдағаныңызды растайтын сауалнаманы 27 мамыр күнгі 23.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдау қажеттігін естеріңізге саламыз. Сағат 23.00-ден кейін қабылданбайды. Қосымша №2 сауалнама үлгісін мына жерден алуға болады: САУАЛНАМА №2

Келесі лекция 2020 жылғы 3 маусым күнгі 13.00 және 15.00-де жарияланады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Көпшіліктің сұрауымен Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі осы біліктілік арттыру курсын музей туризмі, көркемөнер заттарына анализ лекцияларымен толықтырды.  Курстың келесі шығарылымдары 3 маусым күнгі 13.00 және 15.00-де, 10 маусым күнгі 13.00 және 15.00-де болады. Біліктілік арттыру курсының сертификаттары 15 маусымда тапсырылады.

ЕСКЕРТУ: Online курсқа тіркеу қазіргі уақытта аяқталды. Сондықтан тіркелуге арналған №1 сауалнаманы жібермеулеріңізді сұраймыз.

2384 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper