Анонс


Павлодар облыстық көркемөнер музейі қолөнер шеберлерін іздестіруде

Сейсенбі, 18 Тамыз 2015 10:57
Павлодар облыстық көркемөнер музейі қолөнер шеберлерін іздестіруде KAZMUSEUM.KZ -  

Павлодар облыстық көркемөнер музейімен серіктес болатын қолөнер шеберлері тапшы, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы мекеме директорының орынбасары Елена Дубовая хабарлады.

- Қазіргі таңда ауылдық жерлерді аралап, халық арасындағы қолөнер шеберлерді іздестіру жұмыстары бәсеңсіп қалған. Экспедициялар институты жойылып бара жатыр. Осыған дейін мамандар өңірімізді аралап, он саусағы майысқан шеберлерді тауып, олардың өнерін жұртшылыққа паш ететін. Бүгінде бұл үрдіс тоқтап қалды, - дейді Е. Дубовая.

Музей директоры орынбасарының айтуынша, облыста халық шеберлері баршылық. Десе де олар көрмелерге қатыспай, бұйымдарын сатумен айналысуға ден қоюда.

- Музей қорын әрдайым толықтырып отыру керек. Соңғы уақытта қолданбалы өнер бұйымдарын тапсырып, көрермен назарына ұсынғысы келетін азаматтар саусақпен санарлық. Себебі тиісті жұмыстардың атқарылуы көңіл көншітпейді. Негізгі мәселелердің қатарына мүсіншілердің жоқтығын жатқызар едім. Болашақта суретшілеріміз бұл проблемані көтеріп, өнердің бұл бағытында еңбектеніп жүрген жастарды үйретудің жолдары қарастырылады деген ойдамын. Бұған, әрине билік тарапынан қаржы бөлінуі тиіс, - дейді Е. Дубовая.

 
3030 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper