Анонс


С.Сейфуллин музейі "Сәкен оқулары" байқауын өткізеді

Жұма, 10 Қазан 2014 23:43
С.Сейфуллин музейі "Сәкен оқулары" байқауын өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Үстіміздегі жылдың 15 қазанында ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинің 120 жылдығына орай, Астаналық оқушылары арасында Астана қалалық дәстүрлі «Сәкен оқулары» атты байқау өтеді, деп хабарлайды Сәкен Сейфуллин музейінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер арасында С.Сейфуллиннің поэзиялық, прозалық шығармаларын кеңінен насихаттау. Мектеп оқушыларын әдеби көркем шығармаларды мәнерлеп оқуға ынталандыру және оның шығармалары арқылы балаларды отансүйгіштікке, туған елді қадірлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу іс-шараның мақсаты болып табылады. 

Аталмыш байқауда «Сыр сандықты ашып қара», «Қазақты қазақ дейік», «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы», «Сәкеннің аманаты» номинациялары бойынша 70-тен астам мектептің 7-11 сынып оқушылары ақынның поэзиялық және прозалық шығармаларынан мәнерлеп жатқа оқып, Сәкен өмірінен сахналық көрініс жасап, әндерін орындап өзара бақ сынайды деп күтілуде. 

Сонымен қатар, осыған дейін хабарлағанымыздай музейде Сәкен әндеріне арналған кеш өтеді. Сауық кеште Сәкеннің әндері орындалады. Орындаушылар Қазақстанға танымал дәстүрлі әншілер Гүлмира Сарина, Қанапия Жүкенов, Дәурен Әркенов, Ержан Базарбеков, Ерлан Рысқали Мерует Башай және Сәкен әндерін орындаушылар Серік Оспанов пен Қанат Жүнісов қатысады. 

Осы шараға орайластырып Сәкен Сейфуллин музейі кұрастырған музей альбомының тұсауы кесіледі.

5390 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper