Анонс


Ә. Қастеев атындағы музейдің мамандары Қытайда тағылымдамадан өтті

Сейсенбі, 26 Қараша 2019 17:40
Ә. Қастеев атындағы музейдің мамандары Қытайда тағылымдамадан өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің мамандары Қытайдың жетекші мәдени орталықтары – Шанхай мен Нанкинде тағылымдамадан өтті.

Музей делегациясының құрамында музей директоры, профессор  Гүлмира Шалабаева, Қытай өнерінің мамандары Мария Копелиович және Виолетта Вологодская, реставрация бөлімінің жетекшісі Гүлжан Қалдыбаева, баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева болды. Тағылымдама Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен ұйымдастырылған. Мазмұнды бағдарламада әлемге әйгілі музейлер мен көрікті орындарды аралау, шеберлік сабақтары мен қытай өнерінің жетекші реставраторларынан кеңестер алу, өнертану бойынша құнды әдебиеттермен алмасу, бірегей шығыс сәулет өнері бар тарихи аудандармен, философиясымен және ұлттық асханасымен танысу болды.

Делегация Шанхай заманауи өнер музейінде (Қытайдың өнер сарайы), Шанхай өнер музейі, Шанхай реставрациялық орталығы, Бүкіләлемдік қаржы орталығы, Нанкин музейі, Цзиньлин көркемсурет музейі, Нанкин кескіндеме және каллиграфия институты, Сунь Ятсен кесенесі, Алты әулеттің музейі, Дабаоэньсы ғибадатханасының қираған үйіндісінің саябағында болды, сондай-ақ Хуанпу (Шанхай) және Циньхуай (Нанкин) өзендерінде саяхаттады.   

«Бүгінгі әлемнің мәнмәтінінде әлемнің мәдениеттерімен, әсіресе Ұлы Жібек жолы елдерімен танысу өте маңызды. Қазақстан – бұл бағдарламаның ең маңызды қатысушысы. Мәдениет пен өнер халықтарды жақындастырады. Біздің Қытайдан үйренетініміз көп. Шанхай және Нанкин қалаларындағы жетекші музейлердің басшыларымен ресми кездесу барысында меморандумдарға қол қою, музейаралық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, мамандардың болашақ тағылымдамалары туралы келісімге қол жеткізілді», - деді Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Шалабаева.

«Жеті күн бойы Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қызметкерлерінің тобы Қытай музейлерінің қызметімен таныса отырып тағылымдамадан өтті. Біз барған барлық музейлер үлкен әсер қалдырды, олардың бай коллекциясы мен қызметкерлердің жоғары кәсібилігі, біздің делегацияны жылы қабылдауы және тәжірибе алмасуға, мәдени байланыс орнатуға деген ұмтылысы болды. Қытай көркемсурет музейі немесе Қытай өнері сарайы Қытайдың кескіндеме, мүсін, фотография және контемпорари арт саласында жұмыс істейтін заманауи суретшілері туындыларының коллекциясымен танысуға мүмкіндік берді. Бұл музей 2012 жылдан Бүкіләлемдік Expo 2010 көрмесінің өткізілуіне арнайы салынған Қытай павильонының ғимаратын алып отыр. Оның жалпы аумағы 160.000 текше метрді алып жатыр, 27 көрме залдары – аумағы 64.000 текше метр, мұндай ауқым таң қалдыратыны сөзсіз », - деп атады Қытай өнерінің маманы Виолета Вологодская.

Реставрация бөлімінің жетекшісі  Гүлжан Қалдыбаева  «Шанхай музейі – Ежелгі Қытай өнерінің ірі музейі Шанхай сақтау және реставрациялау орталығының жұмысына қайран қалды. Қорда миллионнан астам сақтау бірлігі бар. Пудун ауданында, өзге жағалауында жаңа ғимарат салу жоспарлануда. Музейдің басты мақтанышы – қоладан, керамикадан жасалған бұйымдар, каллиграфия және кескіндеме. Нақ осы Шанхай музейі 1958-1960-шы жылдары Қытайдағы мәдени мұра нысандарын қорғау және реставрациялауға бастама болды. Шанхай музейінің сақтау және реставрациялау орталығын аралаған кезде бізді бірнеше қабаттан тұратын орталықтың аумағы таң қалдырды. Орталықта алдыңғы қатарлы зерттеу және реставрациялау жабдықтары орналасқан».

Аталмыш тағылымдама Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің мамандары үшін Қытай мәдениетін терең түсінуде өте пайдалы қадам болды, ол ежелгі және қазіргі Қытай өнерінің бірегей туындыларын көруге, оларды жасау технологиясының кейбір сирек кездесетін ерекшеліктерін білуге, Қытайдағы ең ірі музейлердің жұмысымен танысуға, болашақта бірлескен жобалар мен көрмелер түрінде жемісін берер байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі іссапарды ұйымдастырушы – Алматыдағы ҚХР Бас консулдығына және өнер және білім беру ісі бойынша консул Ван Цинпин мырзаға үлкен алғыс білдіреді.

 

Клара ИСАБАЕВА, Баспасөз қызметінің жетекшісі

4576 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper