Анонс


АҚШ музейінде қазақ өнеріне арналған симпозиум өтеді

Сәрсенбі, 02 Қазан 2019 00:47
АҚШ музейінде қазақ өнеріне арналған симпозиум өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

АҚШ-тың Ұлттық сәулет музейінде 2019 жылғы 4 қазанда  Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің  жетекші ғалымдары мен зерттеушілері баяндама жасайтын «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері және креативтік экономика» атты симпозиумы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен симпозиумды Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Шалабаева  мен  доктор Пол Майкл Тэйлор ұйымдастырады.

12766 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper