Анонс


Ұлттық музей байқау жеңімпаздарын марапаттайды Таңдаулы

Жұма, 12 Ақпан 2016 14:37
Ұлттық музей байқау жеңімпаздарын марапаттайды KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде режиссерлер мен операторлар арасындағы «Attention! National museum!»  атты  байқаудың қорытындысын шығаруға арналған қазылар алқасының отырысы өтті. Қазылардың шешімі 15 ақпан күні сағат 16.00-де Ұлттық музейде салтанатты түрде жарияланады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

Байқауға жұмыстарды қабылдау қазан  айынан бастап жүргізілді.  Жоба барысында 20 кәсіби және әуесқой шығармашылық топ бақ сынады. Байқау жұмыстарына  музей директоры, елімізге танымал кинорежиссерлер, музей ісінің білгірлері, кинотанушы және мәдениеттанушы мамандар төрелік етті.  Жеңімпаз атанған үздік жұмыстар түрлі аталым бойынша қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сондай-ақ бұл  кеште отандық «Назар-Текстиль»ЖШС кілем тоқыма фабрикасы ҚР Ұлттық музейіне арнайы сый тарту етеді. 

Шара  аясында өнер жұлдыздары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.    

Өтетін күні: 15 ақпан, 2016 жыл.

Басталу уақыты: 16:00-де.

Өтетін орны: Тәуелсіздік  даңғылы, 54, ҚР Ұлттық музейі,   үлкен конференц-зал.

Тіркелу 15 ақпан 13-00-ге дейін.

2420 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper