Анонс


Ұлттық музейдің басшылығындағы кадрлық өзгерістер

Сәрсенбі, 13 Қаңтар 2021 15:52
Ұлттық музейдің басшылығындағы кадрлық өзгерістер KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық музей директорының ғылыми мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына Назгүл Нұржанқызы Кәдірімбетованы тағайындады. Жаңа орынбасарды ұжымға музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды.

Назгүл Кәдірімбетова 1982 жылы дүниеге келген. М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «тарих және география пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «түркология» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Қазіргі уақытта аталған университеттің «түркология» мамандығы бойынша докторанты.

Германия, Түркия елдерінде тәжірибеден өткен.

30-дан астам ғылыми мақаланың авторы.

Еңбек жолында оқытушылық қызметте, ғылыми қызметкер ретінде және мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарда болған. Ұлттық музейге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде бас сарапшы қызметін атқарды.

 

 

Ұлттық музейдің ғалым хатшысы лауазымына Саялбек Махамбетұлы Гиззатов тағайындалды. Жаңа хатшыны ұжымға музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды.

Саялбек Гиззатов 1984 жылы дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша жоғары білім алып, 2010 жылы «Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 2010-2012 жылдары Еуразия академиясында білім алып, «құқықтану» мамандығын иеленді.

2 монографияның, 30-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.

Еңбек жолында оқытушылық қызметтерде және мемлекеттік қызметте болған. Ұлттық музейге дейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының» доценті болып еңбек еткен.

 

 

896 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper