Анонс


«Рухани қазына» фестивалінің өтетін уақыты белгілі болды Таңдаулы

Дүйсенбі, 18 Мамыр 2020 02:05
«Рухани қазына» фестивалінің өтетін уақыты белгілі болды KAZMUSEUM.KZ -  

Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Рухани қазына» ІІI-ші республикалық фестивалін өткізуді 2020 жылғы мамыр айынан 2020 жылғы қыркүйек айына ауыстырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Министрлік COVID-19 вирусының елімізде таралуына жол бермеу және оның алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан сақтық шаралары мен еліміздің барлық өңірлерінде енгізілген төтенше жағдайға байланысты «Рухани қазына» ІІI-ші республикалық фестивалін өткізуді 2020 жылғы мамыр айынан 2020 жылғы қыркүйек айына ауыстырды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілуде және өзгерістер қосымша хабарланатын болады», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Айта өтейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылдан бері тұрақты түрде жыл сайын мамыр айында мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» республикалық фестивалін өткізіп келеді. Фестиваль аясында музей, кітапхана және клуб қызметкерлері үшін семинарлар мен тренингтер, пікірталас алаңдары, конкурстар ұйымдастырылады.

955 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper