Анонс


Орталық музейде Абайдың 170 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері өтеді

Жұма, 27 Қараша 2015 15:43
Орталық музейде Абайдың 170 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Абайдың 170 жылдығына орай «Қайым Мұхамедханов: Хаттар сөйлейді» атты кітаптің тұсаукесерін өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

«Қайым Мұхамедханов: Хаттар сөйлейді» кітабында ғалыммен бірге жүрген, бірге еңбек еткен ХХ ғасырдың көрнекті тұлғаларымен хат алмасулары берілген. Олардың қатарында Ж.Сайын, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, С.Марков, І.Омаров, М.Хәкімжанова, Ә.Тәжібаев, М.Әуезов, Т.Иванова, Дм.Снегин, С.Мұқанов, Т.Жароков, С.Машақов, Ш.Мұртаза, Ә.Нұршайықов, М.Төлеуов, Н.Анов, А.Сейдембеков, В.Коротич, Х.Ерғалиев, Е.Жақыпов, А.Тоқпанов, Ж.Бектұров, В.Карпов, Ү.Сұбханбердина және т.б бар. Осы кітапта Абай мен Шәкәрім ұрпақтары, алашордалықтардың және басқа да белгілі қайраткерлердің балалары ғалым жайлы естеліктері және шежірелік білімдерімен бөлісіп, әкелерінің аттарын жаңғыртқаны үшін алғыстарын білдірген.

Тұсаукесері рәсімі 2015 жылғы 3-інші желтоқсан күні сағат 11.00-де өтеді. 

3461 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper