Анонс


Павлодарда музей қызметкерлеріне арналған халықаралық конференция өтеді

Жұма, 02 Қазан 2015 12:16
Павлодарда музей қызметкерлеріне арналған халықаралық конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының құрамындағы музей кешенінің 40 жылдығына арналған «Қазіргі замандағы музейлердің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция жұмысы 2015 жылдың 27 қарашасына жоспараланған, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Аталған шараға ғылыми қызметкерлер, музей, ғылыми мекемелердің қызметкерлері, ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, аспирантар, магистрантар мен студенттер шақырылады.

 Конференцияға мына бағыттар бойынша материалдар қабылданады:

  • Музей  ісінің практика мен теория саласындағы зерттеулер (тарихи-мәдени сапарлар);
  • Мәдени және табиғи мұраны  сақтаудың заманауи мәселелері;
  • Қазіргі жағдайдағы мектеп және жоо-ның музейлердің даму келешегі мен мәселелері;
  • Қазіргі туристтік-музейлік қызметіндегі инновациялық амалдар;
  • Қазіргі тәсілдердің және технологиялардың призмасы арқылы музейлік педагогикасы;
  • Өнер: мұрасы және қазіргі заманы.

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

ӨТЕТІН ОРНЫ

 

Қатысушыларды тіркеу  сағат 09.00-ден  10.00-ге дейін.

Конференция жұмысының басталуы— 10.00

Өтетін орны — конференц–зал ( Мир көшесі, 60, ПМПИ Бас оқу ғимараты,     ауд.№ 110).

Конференцияға келуге қатысты шығындар қатысушылардың есебінен жасалады.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер мен материалдар 2015 жылғы        05 қарашаға дейін ПМПИ музей кешеніне (Павлодар қ., Мир көшесі, 60-үй, 4 қабат, байланыс телефондары: 8 (7182) 55-27-98  (ішкі 2-49)) немесе электрондық мекенжайына: museum-pgpi@mail.ru жолдауларыңызды сұраймыз.

Ұйымдастыру комитеті  талаптарға сай  ресімделмеген немесе тақырыпқа сай келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқығы бар.

    1-2 күн ішінде материалдарды қабылдау туралы хабарламасы жіберіледі.  Олай болмаған жағдайда, қайтадан материалдарды қосымша мекенжайына abdesheva81@mail.ru. жіберуге өтінеміз.

Конференция шеңберінде сертификат берумен семинар өткізіледі. Семинардың тақырыбы №2 ақпараттық хатпен жіберіледі.

 

Конференция материалдары жинақ түрінде және

 СD-дискілерде жарияланады.

 

Материалдарды ресімдеуге  қойылатын талаптар:

1)                Материал мәтіні (көлемі 6 беттен аспайтын) МS WORD (6.0 немесе 7.0) редакторында басылып, e-mail: museum-pgpi@mail.ru жіберіңіз. Жалпы көлемі суреттер, қосымшалар және дереккөздер мен әдебиет тізімін қамтиды.

2) Қарпі – Times New Roman; Кегль 14; жоларалық интервал –жалаң, ақ жолақты шеті: сол жағы - 3 см, жоғарғы, төменгі және оң жақтары - 2 см.

3) Беттің үстіңгі жағында  бас әріппен жазылған баяндама атауы (қара жалпақ әріп), оның астынан бір аралықтан кейін автор(-лар) дың тегі, аты-жөні, жұмыс орны беріледі.

4) Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі мақала мәтінінің соңында көрсетіледі.

 

Үлгі:

Дереккөздер мен әдебиет

 

  1. Музейная  педагогика: Междисциплинарные диалоги. Первая тетрадь. – СПб.: Специальная литература, 1998. – 15-16 б.
  2. Музей и новые технологии. Сборник статей./сост. Н.А. Никишин. М., 1999
  3. Мартынов Р.  Национальный музей-визитная карточка региона// Музей. - № 9. – 2008.  – 17 б.

Квадрат жақшаларда кірістірілген сілтемелер: [1, л. 1–1 об.]  немесе [14, с. 43–45], егер сілтемеде бірнеше көздерін көрсету қажет, олар нүктелі үтірлермен жақшада келтірілген. [2, с. 1; 19, с. 10–12].

Суреттер (кем дегенде 300 DPI кеңейтумен анық фотосуреттер және сапалы ақ-қара суреттер) автордың фамилиясы және суреттің нөмірі көрсетіліп, жеке файлдармен (.jpg немесе .tif) беріледі.

Мақала мәтінінде, автор орналастыруға жоспарлап отырған жерде, жазылған жазу беріледі:

  • Түрі  («Сурет», «Кесте» және сол сияқты) және араб цифрлармен рет саны (№ таңбасыз);
  • Атауы;
  • Карталар және сызбалар үшін – шартты белгілер, масштаб түсіндірілетін сипаттамасы қамту керек.

Мәтінде суреттерге және қосымшаларға сілтемелер жақшада келтірілген:    (2-сур), (1қос. қараңыз). Егер мақалада қосымшалар бар болса, онда олар нөмірленген және атауы болу керек.

Қосымшаның соңында  дереккөздің реквизиттері міндетті түрде көрсетіледі.

Мәтіннің ішінде немесе дереккөздер мен әдебиеттердің тізімінде қысқартулар бар болса, оларды мақаланың соңында арнайы қысқартулар тізімінде түсіндіру керек.

Белгіленген мерзімнен кейін тапсырылған, талаптарға сай  ресімделмеген материалдар қаралмайды. Қателер бар материалдарды баспаға берілмейді.

 

Тіркелу үлгісі // Регистрационная форма

  1. Тегі, аты-жөні // Фамилия, имя, отчество _______________________
  2. Ғылыми дәрежесі, атағы // Ученая степень, звание_________________
  3. Ұйым, лауазымы // Организация, должность  _____________________
  4. Мекенжай // Адрес         _______________________________________
  5. Телефон/факс   ______________________________________________
  6. Баяндама // Тема      ___________________________________________
  7. Секция   _____________________________________________________
  8. Шақыру қажеттілігі // Необходимость приглашения ________________

Егер шақыру керек болса, факс нөмірін, тегін, аты-жөнін, лауазымын, ғылыми дәрежені және кімнің атына шақыруды жіберу керек, ұйымның немесе бөлімше жетекшінің атағын  міндетті түрде көрсетіңіз.

        

Ұйымдастыру жарнасын (2000 теңге) банк деректемелеріне аударуға болады:

 «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» ШЖҚ РМК

БИН 040340005741

РНН 451500220232

ИИК KZ609650000061536309

АО «Альянс банк»

БИК IRTYKZKA

ОКПО 40200973

КБЕ 16

Түбіртекте: «Қазіргі замандағы мұражайлардың рөлі»  конференциясы деп көрсету керек.

                                                                             Материалды ресімдеу үлгісі

МУЗЕЙ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

 

А.Б. Искаков, ПМПИ,

 Павлодар қ.

 

           Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні...

Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні.. Баяндама мәтін..

Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні... Баяндама мәтіні..

         Тіркеу формасы жеке файлмен жіберіледі.

2772 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper