Анонс


Астанада музей ісін зерттейтін орталық құрылады

Дүйсенбі, 22 Қыркүйек 2014 06:00
Астанада музей ісін зерттейтін орталық құрылады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейі жанына музей ісін зерттейтін орталық құрылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырған «Ұлттық мұра» атты тұңғыш автошерудің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында музей директоры Дархан Мыңбай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Ұлттық мұра» автошеруін алдағы уақытта Ұлттық музей ұйымдастыратын ғылыми экспедицияның бастауы деп білуіміз керек. Таяуда Ұлттық музей ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат беретін мемлекеттік лицензияға қол жеткізді. Орайы келіп тұрғанда Білім және ғылым министрлігінен ғылыми байқауларға қатысуға рұқсат беретін куәлік алғанымызды да айта кеткім келеді. Енді, біз Ұлттық музей жанынан үлкен ғылыми-зерттеу орталығын құруды жоспарлап отырмыз. 

Автошерушілер аймақтарда Ұлттық музей қорына бірегей мәдени жәдігерлерді өткізу туралы тұрғындар арасында ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, музей қызметкерлерінің ұсыныстарын қағазға түсіріп қайтты. Болашақта қолда бар мәліметтер жан-жақты сарапталып, ұсыныстар музей ісін дамытудағы жоспарға енгізіледі. Алғашқы автошерудің өз міндетін мүлтіксіз орындады және мақсатына жетті деп ойлаймын және оның қатысушыларына алғыс білдіремін», - деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Д.Мыңбай.

4229 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper