Анонс


«Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық конференция өтті

Дүйсенбі, 16 Қараша 2015 15:27
«Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық конференция өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі «Ұлылар мұрасы және музейтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Конференция Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби-мемориалдық музейдің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. 
Конференция Абай қорық-музейінің директоры, ф.ғ.к., доцент, Мәдениет саласының үздігі Жандос Мағазбекұлы Әубәкірдің құттықтау сөзімен ашылды.
«Ұлылар өнегесі және музейтану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, ф.ғ.д., профессор А.С.Еспенбетов «Абай музейі және абайтану мәселелері», М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор С.С.Қорабай «Абай музейі және Әдебиет институты», С.Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры, ф.ғ.д., профессор Б.А.Ердембеков «Абай өлеңдерінің шығу тарихына қатысты...», «Мөлдір» Сібір қазақ мәдени орталығының басшысы А.Жүнісова «Мөлдір» - қазақ мәдениеті мен өнерін насихаттаушы» (Омбы қаласы), Евразия Ұлттық университетінің қытайтану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Д.Мәсімханұлы «Ақыт шығармашылығындағы Абай дәстүрі», Евразия Ұлттық университетінің қазақ тілі білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Ж.А.Жақыпов «Абай және ана тілі», Абай мұражайы директорының орынбасары М.Қайрамбаева «Абай музейінің ғылыми жетістіктері», Тарихи-мәдени этнографиялық орталығының жоғарғы ғылыми қызметкері Б.Данияров «Өзбекәлі Жәнібек – музей ісін ұйымдастырушы» (Түркістан қаласы) атты тақырыптарда баяндамалар оқылды. 
Қазақ халқы ғана емес, әлемді мойындатқан ұлы ақын музейінің мерейтойына арналған конференцияда ұлы тұлғалардың мұрасын сан қырынан қарастыра отырып, абайтанушы ғалымдар, әдебиеттанушылар, музей қызметкерлері өз ойларын ғылыми негізде ортаға салды.
Ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Ресей Федерациясының Омбы қаласынан және еліміздің әр тарабындағы музей қызметкерлері, абайтанушылар, тарихшы ғалымдар қатысты.
Конференция соңында музей қызметкерлері Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және Абай қорық-музейінің алғыс хаттарымен марапатталды.

2940 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper