Анонс


Министрліктің отырысында Оңтүстік өңірдегі музейлерді дамыту жағдайы қаралды Таңдаулы

Сейсенбі, 10 Қараша 2015 11:25
Министрліктің отырысында Оңтүстік өңірдегі музейлерді дамыту жағдайы қаралды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп аймақтық туристік кластерді дамыту мәселелері бойынша ортақ кеңес өткізді. Кеңеске Министрліктің шақыруымен келген ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра комитетінің халықаралық сарапшылары да қатысты.

Кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысы орталығының туристік кластерін құру мәселелері кеңінен талқыланды.

ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра комитетінің халықаралық сарапшыларымен пікір алмасу барысында тараптар «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің маңында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде тарихи ескерткіштерді сақтау туралы регламенттерді қатаң қадағалаудың қажеттілігі сөз етті.

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» музей кешені маңында жаяу маршруттарды дамыту мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жаңғырту жұмыстарына халықаралық мамандардың қатысуы келісілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі әкімдік және Қазақстандағы ЮНЕСО өкілдігімен бірлесіп «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорғау, буферлік аймақтарын дамыту, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің архитектуралық үлгісімен үндес инфрақұрылымды құру жобасы қайта қарастырылып, бекітілетін болады.

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының туристік кластерін дамыту аясында Отырар қорық-музейіне инфрақұрылымды жеткізу мәселесі де талқыланды.

Кеңес жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова, «ҚазЖаңғырту» РММ директоры Арнұр Қарымсақов, ҚР Ұлттық музейі директорының бірінші орынбасары Жазира Құлбаева, сонымен қатар ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра комитетінің жетекші сарапшылары қатысты.

 

Фото: qamshy.kz

1594 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper