Анонс


Ұлттық музейдің халықаралық байланыстары нығайып келеді - Д.Мыңбай

Дүйсенбі, 29 Маусым 2015 14:53
Ұлттық музейдің халықаралық байланыстары нығайып келеді - Д.Мыңбай KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінің халықаралық байланыстары тереңдей түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

«Құрылғанына енді ғана бір жыл толып жатқан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі  осы азғантай уақыт арасында біраз жұмыс атқарды. Біз күн сайын атқарылатын қауырт жұмыстың сыртында халықаралық байланысты да ретке келтірудеміз. Осы уақытқа дейін шетелдік бірнеше ірі музейлермен бірігіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол жеткізген болатынбыз. Бүгінгі шара да соның айқын дәлелі. Chitra by Newby коллекциясы біздің Астанамызға келіп, көрме ұйымдастыруы халықаралық байланысымыздың тереңдей түскендігі деп түсінуге болады», - деді Д.Мыңбай.  

Музей директорының айтуынша, Қазақстан – «Chitra by Newby коллекциясынан» халықаралық көрмесі өткізілетін алғашқы ел болып отыр.

«Лондонда орналасқан Chitra by Newby коллекциясы – бұл шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар топтамасы. Коллекция құрамында Еуропа, Азия және Америкада жасалған  қолданбалы өнер туындыларының  1500-ден астам  сирек және ғажап үлгілері бар. Осындай ерекше көрменің Қазақстанда, оның ішінде біздің Ұлттық музейде өткелі жатқаны зор мәртебе деуге болады», - деді музей директоры.

 

 
2603 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper