Қонаевтың жары - Зухра Шәріпқызына арналған көрме өтеді (ФОТО)

Сейсенбі, 06 Наурыз 2018 15:23
Қонаевтың жары - Зухра Шәріпқызына арналған көрме өтеді (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Д.А. Қонаев музейі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай, Дінмұхамед Ахметұлының жары Зухра Шәріпқызына арналған «Әйел жанның қанаты» атты фото көрмені тамашалауға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Зуһра Шәріпқызы Ақмола облысы,  Атбасар қаласында ауқатты татар отбасында дүниеге келген.   Зухра Шәріпқызы сол уақыттағы таңдаулы мамандықтардың  бірі - есепші-экономист мамандығын меңгеріп, халық комиссарлар кеңесінде есепші болып жұмыс істеген.  Зухра Шәріпқызының қызығушылығы таң қалдырарлық көп қырлы, әрі жан-жақты. Қазақ әдебиетінен әлем әдебиетіне дейін, орыс және шет ел классиктерінің еңбектерімен таныс болып, оның ішінде өнерге қатысты кітаптарды  құр жібермейтін.  Он саусағынан бал тамған, шебер әйел болған. Ағылшын тілін меңгерген. Дінге өте құрметпен қарап,  араб елдеріне барған сапарында өзімен бірге  Құран кітабын ала келген. 

  Дінмұхамед Ахмедұлы Зухра Шәріпқызымен Алматығы 1937 жылы өзінің алғашқы еңбек демалысына келген уақытында кездесті. Институттағы досы Масғұд Бакаев әйелінің жақсы танысы – ол кезде Фурманова 125 тұратын, Зухра Шәріпқызына хат алып барып беруін өтінген екен. Осылай танысып, Дінмұхамед Ахмедұлы Қоңыратқа қайтқан уақытта екеуі хат алмасып тұрды. 1939 жылы Дінмұхамед Ахмедұлын Риддер қаласына ауыстырған кезде,  Алматыға қайта оралып, Зухра Шаріпқызына: «Сіз қалай қарайсыз, Зухра, егер Риддерге бірге барсақ?» – деген. Бұл үйленуге деген ұсыныс еді. Оларда бір-біріне деген мәңгілік махаббат пен құрмет болып, ұзақ уақыт бірге бақытты өмір кешті.

Көрмеге Қонаев отбасының архивінен алынған халық назарына ұсынылмаған, жарияланбаған фотосуреттер қойылады.

Көрмені наурыз айының 5-інен бастап, 5 сәуір аралығында көре аласыздар.

Барлығыңызды тамашалауға шақырамыз!

Ақпарат алу үшін: 8 (727) 261-42-69. 8 707 7676 003.

1140 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper