Анонс


Мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері заңмен жетілдіріледі Таңдаулы

Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2015 09:27
Мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері заңмен жетілдіріледі KAZMUSEUM.KZ -  

Мәжілісте мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелеріне қатысты заң жобасы жұмыс тобының отырысында талқыға салынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының 2014 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Заң жобасы 2011 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция негізінде материалдық емес мәдени мұраны қорғауға және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметіне Қазақстанның толыққанды қатысуына ықпал ететін болады.

Сондай-ақ заң жобасы аталған саланың институционалдық қайта құрылуын, басқарушылық шешімдердің үйлестірілуін, қазіргі заманға сай мәдени кластерлердің, салалық көркемдік кеңестердің құрылуын көздейтін Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

Заң жобасында бір кодекске және бес заңға түзетулер енгізу көзделген.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, жұмыс тобының жетекшісі, депутат Камал Бұрханов бұл заң жобасының біздің қоғам үшін, оның ішінде мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелерін реттуде маңызды екенін алға тартты.

Жұмыс тобының мүшелері заң жобасын Салыстырма кестеге енген баптар бойынша жеке-жеке қарады. Бүгінгі күнге дейін салыстырма кестеге салалық комитеттер мен депутаттар ұсынған 60 түзету енгізілген.

Жұмыс тобының отырысына қатысқан Мәжіліс депутаттары Шалатай Мырзахметов, Алдан Смайыл, Оразгүл Асанғазы, Гүлнәр Сейітмағанбетова, Нұртай Сабильянов, Мұрат Ахмадиевтер салыстырма кестеге енгізілген түзетулерді сарапқа салды. Депутаттардың заң жобасын талқылауда белсенділік танытты.

Жұмыс тобының келесі отырысы осы аптаның бейсенбі күні жалғасын табатын болды.

 

Дереккөзі: inform.kz 

 

2792 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper