Анонс


Музей мамандарына қойылатын біліктілік талаптары (ҚР МжСМ м.а бұйрығы)

Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 11:32
Музей мамандарына қойылатын біліктілік талаптары (ҚР МжСМ м.а бұйрығы) KAZMUSEUM.KZ -  

Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына ҚР Мәдениет және спорт министрі м.а. Н.Дауешовтың 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №370 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 22032 болып тіркелді. Төменде бұйрықтың музей саласына қатысты бөлігінің мәтінін ұсынамыз.

 

ЕСКЕРТУ: Бұйрық мәтіні өзгерді. Жаңа редакциядағы мәтінмен СІЛТЕМЕ сөзін басып, жаңа бетте танысыңыз. 

"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 27) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12631 болып тіркелген) бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану қағидаларының 20-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15495 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

   3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Министрдің міндетін атқарушы           Н. Дауешов

      «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

Министрдің міндетін атқарушы 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 370 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығымен бекітілген

 

МЕМЛЕКЕТТІК МӘДЕНИЕТ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫ, МАМАНДАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІК БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАЛАРЫ

ЕСКЕРТУ: Бұдан әрі қарайғы мәтінде музей мен музей-қорықтар саласына қатысты тұсы ғана берілді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) кадрларды дұрыс іріктеуге және орналастыруға, олардың біліктілігін арттыруға, қызметкерлерді аттестаттауға, басшылар, мамандар арасында еңбекті бөлуге, сондай-ақ қызметкерлердің осы санаттарының лауазымдық міндеттерін және оларға қойылатын еңбекақы төлеу санаттары бойынша біліктілік талаптарын айқындауда бірыңғайлықты қамтамасыз етуге ықпал етуге бағытталған.

      2. Бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашы мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14281 болып тіркелген) бекітілген барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған.

      Басшылар мен мамандар, ғылыми қызметкерлер, бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандар және өзге де инженерлік-техникалық персонал лауазымдарының біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7755 болып тіркелген) басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында айқыдалған.

      3. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында тиісті лауазымға тән жұмыстар тізімін нақтылауға рұқсат етіледі және қызметкерлерді қажетті арнайы даярлауға қойылатын талаптар белгіленеді.

      4. Біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленді.

4-тарау. МУЗЕЙЛЕРДІҢ, МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫНЫҢ, МАМАНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАЛАРЫ

1-бөлім. Басшылық лауазымдары

Параграф 1. Музей (музей-қорық) директоры

      284. Лауазымдық міндеттері:

      мекеменің өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      ұйымның саясаты мен стратегиясын белгілейді, оның бөлімшелерінің музей қорын қалыптастыру, сақтау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді;

      музейдің (музей-қорықтың) жоспарларын, бағдарламалары мен жобаларын жасау және жүзеге асыруға басшылық етеді, қызмет бағыттары бойынша олардың орындалуы жөнінде құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;

      ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етеді, Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады;

      директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер мен филиалдардың жетекшілері мен мамандары арасында жұмыстың жекелей бағыттарын бөледі;

      шарттарды жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді.

      285. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Азаматтық кодекс);

      Бюджет кодексін;

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс);

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы (бұдан әрі – "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы") Қазақстан Республикасының заңдарын.

      286. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Параграф 2. Музей (музей-қорық) директорының орынбасары

      287. Лауазымдық міндеттері:

      өз қызметін бірінші басшының жалпы басшылығымен ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады;

      қызмет бағыты бойынша тұжырымдамаларды, жоспарларды, бағдарламаларды және жобаларды жасауға қатысады, олардың орындалуы бойынша жұмыстарды бақылайды.

      музей ісі, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеулердің жүргізілуін, әдістемелік құралдардың жасалуын қамтамасыз етеді.

      олардың тұтастығы мен сақталымын, жағдайын және дұрыс есепке алынуын, консервациялануы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді.

      қаржыны басқару жұмысына басшылық етеді;

      қаржы тәртібінің сақталуын, шарттық міндеттемелердің уақтылы және толықтай орындалуын, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен жасалатын қаржылық-шаруашылық операциялардың рәсімделуін қамтамасыз етеді;

      қаржылық қаражаттар қозғалысы жағдайын және мақсатты жұмсалуын, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерін қамтамасыз етеді;

      келешекке арналған және ағымдағы қаржылық жоспарларының және ақша қаражаттары бюджетінің жасалуын қамтамасыз етеді;

      жарықтандыру, жылу беру, желдету, салқындату жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шаруашылық және техникалық қызметтер жұмысына басшылықты жүзеге асырады;

      ұйымның ішкі еңбек тәртіптемесі мен жұмыс тәртібін сақталуын қамтамасыз етеді;

      ұйым директорының бұйрықтары мен шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру жүргізу бойынша іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді, ұйымның құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуді жүзеге асырады және оларды мекеме басшысына ұсынады.

      288. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Азаматтық кодексін;

      Бюджет кодексін;

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;

      Кәсіпкерлік кодексін;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.

      289. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет саласында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мәдениет ұйымдарында басшылық персонал лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Параграф 3. Бас қор сақтаушысы

      290. Лауазымдық міндеттері:

      өз қызметін бірінші басшының жалпы басшылығымен ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады, есепке алу, сақтау, консервациялау және қалпына келтіру жөніндегі қызметтердің жұмысын үйлестіреді;

      ұйым аумағында және қорларында орналасқан музей заттарының, тарихтың жылжымалы және жылжымайтын ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      музей заттарын қабылдап алу, есепке алу және ғылыми сипатталуын (паспортталуын) ұйымдастырады;

      қор сақтау қоймасының қажетті музей жабдықтарымен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, музей заттарын сақтау тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      музей заттарын сақтау, физикалық жағдайын жақсарту, музей құндылықтарын қалпына келтіру, консервациялау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуді жүзеге асырады;

      ұйымның жұмыс жоспарлары және есебін, сондай-ақ келешек және жылдық жоспарлардың тиісті бөлімдерін жасайды;

      музей заттарының берілуін және олардың қайтарылуын қамтамасыз етеді, ғылыми баяндамалармен, мақалалармен, шолулармен сөз сөйлейді;

      дирекцияның, сараптама-тексеру және әдістемелік, қор-сатып алу және бағалау комиссияларының жұмысына қатысады;

      музей заттары мен музей коллекцияларының каталогтарын, қор материалдарының шолуын, әдістемелік ұсыныстарды жарияланымға әзірлейді, кеңестер жүргізеді;

      музейге түскен музей заттары мен музей коллекцияларының тіркелуін, сақтау орнын шифрлауды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      қабылдап алу мен тұрақты және уақытша беру актілерін, ішкі музей актілерін және актілерді тіркеу кітаптарын рәсімдеуді жүзеге асырады;

      музей заттарын сақтау қоры жөніндегі инвентарлық кітаптарда, арнайы инвентарлық кітаптарда, мұрағаттық тізімдемеде (инвентарлық кітап құқығымен) тіркеу мерзімін қамтамасыз етеді;

      музей заттарын сақтаушылармен музей заттарын сақтау мәселелері бойынша сабақтар өткізеді, музей заттарының сақталымын қамтамасыз ету бағытындағы отандық және әлемдік жетістіктерді зерделейді;

      музей заттары материалдарына, құжаттар тобына, музейдің механикалық қорғаныс жүйелеріне, арнайы музей витриналарына (соның ішінде микроклиматты қолдау жүйелеріне) қойылатын талаптарды ескере отырып, музейдің күзет және қорғаныс техникалық құралдарын пайдалануды, күзет дабылдамасы, өрт дабылдамасы, өрт сөндіру дабылдамасы (газ, су) жүйелерін, еркін кіруді бақылау жүйелерін, бейнебақылау, жылыту, желдету және климатты бірқалыпта ұстау жүйелерін қамтамасыз етуді және қызмет көрсетуді қоса алғанда қамтамасыз етеді.

      291. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      жәдігерлерді қалпына келтіру технологиясын, музей заттарын есепке алу және сақтау саласындағы отандық және шетелдік музейлердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін.

      292. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (экология) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Параграф 4. Бас редактор

      293. Лауазымдық міндеттері:

      музейдің, музей-қорықтың ғылыми және әдістемелік әдебиеттерін, сондай-ақ ақпараттық материалдарын редакциялауды ұйымдастырады, әдебиеттерді олардың нарықтағы сұранысын ескере отырып, басып шығарудың перспективалық және жылдық тақырыптық жоспарларының жобаларын, редакциялық-дайындық жұмыстарының жоспарларын және басылымдардың редакциялық және өндірістік үдерістерінің кестелерін жасауға басшылық етеді;

      қолжазбаларды ұсынудың, оларды теруге тапсырудың, корректура баспа-таңбасын өңдеудің және әдебиетті жарыққа шығарудың бекітілген мерзімінің сақталуын, сондай-ақ басылымдардың ғылыми және әдеби мазмұны, олардың полиграфиялық орындалуының сапасын қамтамасыз етеді;

      авторлармен баспа шарттарын және сыртқы редакторлармен, рецензенттермен, суретшілермен және музей әдебиетін басып шығару бойынша атқарылатын жұмыстарға тартылатын тұлғалармен еңбек шарттарын (контрактілерді) жасасуға арналған материалдарды дайындайды, олардың орындалған жұмыстары үшін есеп айырысу бойынша құжаттарды рәсімдеуге қатысады;

      қолжазбалармен жұмыс барысында көмек көрсету мақсатында авторлардың кеңес жүргізулерін ұйымдастырады, түскен қолжазбаларды қабылдайды, оларды рәсімдеудің баспалық шарттарға сәйкестігін тексереді, қолжазбаларды рецензиялауға және редакциялауға жібереді;

      автордың келісім шарттарын орындаумен байланысты мәселелерді, редакторлардың қолжазбалар жөніндегі қорытындыларын қарайды және оларды басып шығаруды мақұлдау немесе қабылдамау туралы шешімдерді қабылдайды, авторлар мен редакторлар арасындағы келіспеушіліктерді шешеді, музей, музей-қорық редакторларының біркелкі және бірқалыпты жүктелуін қамтамасыз етеді, олардың арасында жұмыстарды бөледі және музейлік басылымдарды редакциялаудың мерзімін бекітеді;

      басылымдардың өндіріске, басуға жіберілуіне қол қояды, бөлімшелердің атқарылған жұмыстары туралы есебін жасайды.

      294. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      редакторлық және корректорлық жұмыстар әдістерін, қолжазбаларды өндіріске тапсыру, корректуралық баспа-таңбаларды баспаға әзірлеуді дайындауды, полиграфиялық өндірістің терминдерін, белгілері мен өлшем бірліктерін, технологиясын.

      295. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Параграф 5. Бас суретші

      296. Лауазымдық міндеттері:

      экспозициялар мен көрмелерді көркемдік жобалаудың қағидаларын жасайды;

      тұрақты орындағы, жаңа және жаңартылған қолда бар экспозицияларды, уақытша және көшпелі көрмелерді, музей, музей-қорық интерьерін көркемдік безендіруді, көрмелер мен музей іс-шараларын таныстыру жарнамасының, ұйымның шығармашылық жетістіктерін бейнелейтін бет-бейнелік өнімдерінің сапасын қамтамасыз етеді.

      экспозициялардың техникалық және жұмыс жобалауына–монтаждауға тікелей қатысады; безендіру макеттері мен эскиздерінің уақытылы ұсынылуын, экспозицияны дайындау мен таныстыру жоспарының жасалуын қамтамасыз етеді;

      суретші-экспозиционерлердің, суретші-дизайнерлердің және экспозициялық-көрмелік бөлімі мамандарының қызметін қамтамасыз етеді және оларға қажетті шығармашылық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      музей, музей-қорықтың экспозициялық-көрмелік бөлімінің кадрларын іріктеуге қатысады, олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді;

      музейлік экспозиция, технологиялар, дизайн және жаңа материалдар саласындағы ең жаңа жетістіктерді зерделеуді және енгізуді ұйымдастырады.

      297. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Жарнама туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      экспозицияны музейлік безендірудің барлық компоненттерін жасау және әзірлеу қағидаларын, декорациялық өнер, музей ісі тарихын.

      298. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Параграф 6. Музей (музей-қорық) филиалының меңгерушісі

      299. Лауазымдық міндеттері:

      филиалдың экспозициялық-көрмелік, насихаттау, әдістемелік қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      музей қорларының толықтырылуын ұйымдастырады;

      музей, музей-қорық қорларындағы музей заттарының сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз етеді;

      музей, музей-қорық экспозицияларын музейлік маңызы бар түпнұсқа заттармен толықтырылуын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      300. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      музей, музей-қорықтың қор, экспозициялық, насихат, зерттеу, әдістемелік жұмыстарының негізгі бағыттарын.

      301. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (экология) және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Параграф 7. Музейдің (музей-қорықтың) құрылымдық бөлімшесінің (орталықтың, қызметтің, сектордың, бөлімнің, топтың) жетекшісі

      302. Лауазымдық міндеттері:

      бөлімше қызметіне басшылықты жүзеге асырады, музей бағдарламаларын, жобаларын, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және музей ісі саласындағы мәдени саясатының тұжырымдамаларын, жаңа экспозициялар мен көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;

      ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындайды, зерттеу және ғылыми-әдістемелік, экскурсиялық және дәрістік жұмыстарды ұйымдастырады, музейдің ағымдағы және перспективалық жоспарларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

      музей (музей-қорық) қорларының музейлік маңызы бар заттармен толықтырылуы жөніндегі жұмыстарды, ғылыми-анықтамалық материаларды, каталогтарды, қызмет бағыты бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеуді ұйымдастырады.

      бөлім қызметкерлеріне қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді, музей заттарының бүлінуі, жоғалуы және ұрлануы жағдайында музей, музей-қорық басшылығын хабардар етеді;

      қорларға профилактикалық тексеруді ұйымдастырады, сақтау қоймасын дезинфекциялауды, құрғатуды, желдетуді қамтамасыз етеді, температуралық-ылғалдылық режимді бақылайды;

      қызметкерлермен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      музей заттарының сақталымына материалдық жауапкершілікте болады.

      303. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.

      304. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Параграф 8. Қалпына келтіру шеберханасының меңгерушісі

      305. Лауазымдық міндеттері:

      музейдегі (музей-қорықтағы) қалпына келтіру жұмыстарына жетекшілік етеді;

      музей (музей-қорық) қорын тұрақты тексеріп, қалпына келтіруді қажет ететін музей заттарын анықтайды;

      бүлінген музей заттарының тарихи және көркемдік мәнін сақтай отырып, оларды бастапқы қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      қалпына келтіру шеберханасының жұмысын жоспарлайды, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезектілігінің кестесін жасайды;

      шеберхананың жұмысын талдайды, қалпына келтіру жұмыстарының технологиясын жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жасайды және оларды іске асырады;

      қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелерінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде шаралар қолданады және қондырғылар, аппаратуралар мен құрылғылардың сақталымын қамтамасыз етеді;

      ғылыми және техникалық жетістіктердің патенттелуі мен лицензиялануы, өнертабыстар мен өнертапқыштық ұсыныстардың тіркелуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      музейдің (музей-қорықтың) қор-сатып алу, бағалау және қалпына келтіру комиссияларының құрамына кіреді;

      қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кестелерінің дайындалуын қажетті материалдар мен жабдықтарға өтінімнің мезгілінде жасалуын қамтамасыз етеді;

      жарияланымға музей заттары мен музей коллекцияларының каталогын, музей қорының материалдары шолуын, әдістемелік ұсынымдарды дайындайды, кеңестер береді;

      музей заттарын сақтаушылармен музей заттарын сақтау мәселелері жөнінде сабақтар жүргізеді, музей заттарының сақталымын қамтамасыз ету бағытындағы отандық және әлемдік жетістіктерді зерделейді;

      музей жәдігерлерінің жоғалуы және ұрлануының барлық жағдайы туралы директорды хабардар етеді, сондай-ақ музей жәдігерлерінің жоғалуы, ұрлануы және бүлінуі туралы барлық жағдайды, осы жағдайлардың орын алуының мән-жайын нақ белгілей отырып, шұғыл актілеу шарасын қолданады (актіге ұрланған немесе бүлінген жәдігердің суреті, ал суреті болмаған жағдайда – инвентарлық кітаптан дәл көшірмесі қосымша беріледі).

      306. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      музей заттарын дайындау технологиясын, олардың физикалық және физикалық-химиялық ерекшеліктерін, қалпына келтіру саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін, қалпына келтіру ісі өндірісінің әдістерін, қалпына келтіру жұмысында қолданылатын құрылғылар мен материалдарды.

      307. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

2-БӨЛІМ. МАМАНДАР ЛАУАЗЫМДАРЫ

Параграф 1. Қор сақтаушысы

 

      308. Лауазымдық міндеттері:

      музей заттарын сақтауды, олардың сақталымын және консервациялауды, жауапты сақтауға қабылданған музей заттарын зерделеуді қамтамасыз етеді, олардың сақтау қорлары жөніндегі инвентарлық кітаптарда тіркелуін тексереді;

      жауапты сақтауға қабылданған музей заттарын жүйелеуді, топографиялық тізімдемені, ғылыми-анықтамалық картотекаларын жасауды, музейдің, музей-қорықтың электрондық мәліметтер қорының тиісті бөлімдерін жүргізуді іске асырады;

      музей қоллекцияларын толықтыру бойынша жұмыстарға қатысады, музей заттарының сақталу жағдайына жүйелі бақылауды жүргізеді;

      қалпына келтіруге мұқтаж жәдігерлерді анықтау бойынша, сондай-ақ музей заттарының сақталымын қамтамасыз ететін алдын алу шараларын жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады;

      қалпына келтіру кеңесінде қарау үшін сақтау қорын қалпына келтіру және консервациялау бойынша тапсырмаларды дайындайды;

      музей заттарының және музей коллекцияларының бар-жоғын тексеруге және олардың бар-жоғын есеп құжаттамасымен салыстырып тексеруге қатысады;

      құжаттық және сурет қорының сақтандыру көшірмесін жасау бойынша (өз құзыреті аясында) жұмыстарды қамтамасыз етеді, қор сақтау қоймасы бөлмелерінің температуралық-ылғалдылық режиміне бақылау жүргізеді;

      экспозициялар мен көрмелерді дайындау жұмыстарына қатысады, коллекциялар каталогтарын, сақтау қоры материалдарының шолуын, жариялауға, жұртшылықтың сақтау қоры жөніндегі ақпаратқа қатысты сұранысы бойынша материалдарды дайындайды.

      309. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      жәдігерлерді қалпына келтіру технологиясын, музей заттарын есепке алу және сақтау саласындағы отандық және шетелдік музейлердің озық тәжірибесін.

      310. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

Параграф 2. Архивист

      311. Лауазымдық міндеттері:

      музейдің, музей-қорықтың негізгі есеп құжаттамасын рәсімдеуді, жүргізуді, сақтауды, есепке алуды, сақтандыру көшірмелерін жасауды жүзеге асырады;

      жаңадан түскен музей заттары мен музей коллекцияларын тіркеуді қамтамасыз етеді;

      қабылдап алу мен тұрақты және уақытша пайдалануға беру актілерін, ішкімузейлік актілерді және актілерді тіркеу кітаптарын рәсімдеуді жүзеге асырады;

      музей заттарын сақтау қоры жөніндегі инвентарлық кітаптарда, арнайы инвентарлық кітаптарда, мұрағаттық тізімдемеде (инвентарлық кітап құқығымен) тіркеу мерзімін қадағалайды;

      музейдің, музей-қорықтың электрондық мәліметтер қорының тиісті бөлімдерін жүргізеді;

      музей заттарының бар-жоғын салыстырып тексеруге қатысады.

      312. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы, "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.

      313. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІI санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" немесе "іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

Параграф 3. Суретші-қалпына келтіруші

      314. Лауазымдық міндеттері:

      қалпына келтіру жұмыстарын атқарады;

      қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің әдістемесін және материалдарды таңдайды, қалпына келтіру жұмысы барысының мұқият құжатталуын қамтамасыз етеді;

      қалпына келтірілетін нысанды тексеруді және жағдайын сипаттауды жүзеге асырады, зерттеу нәтижелері негізінде бүлінудің себебі мен сипатын анықтайды;

      қалпына келтіру жұмыстарының жекелеген үдерістерін суретпен бекітуді құжаттау туралы фотографтарға нұсқау береді;

      экспозициядағы музей қорына тексеру жүргізеді;

      музей, музей-қорықтың сақтаушыларына музей заттарын сақтау мәселелері жөнінде кеңес береді.

      315. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      қалпына келтіру жұмыстарының орындалу технологиясын, қалпына келтіру-консервациялау жұмыстарын жүргізу жөніндегі әдістемені және нұсқаулықты, қалпына келтіру жұмыстарының отандық және шетелдік озық тәжірибесін.

      316. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

Параграф 4. Дизайнер, суретші-дизайнер

      317. Лауазымдық міндеттері:

      көркемдік-дизайндық және көркем безендіру жұмыстарының орындалуын жүзеге асырады, эскиздерді жасайды және экспозициялардың, көрмелердің макеттері жобаларының көркемдік безендірілуі бойынша жұмыстарды орындайды;

      көрмелік және экспозициялық коллекциялардың көркемдік безендіру жобасын жасауға қатысады.

      318. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      көркемдік-безендіру жұмыстарының орындалу технологиясын, көркемдік-безендіру жұмыстарының отандық және шетелдік озық тәжірибесін.

      319. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) I санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, арнайы кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

Параграф 5. Экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру жөніндегі суретші-әрлеуші

      320. Лауазымдық міндеттері:

      экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастырудың тұжырымдамасы мен әдістемелік бағдарламасын жасайды;

      реэкспозициялық іс-шараларға байланысты жаңа ұсыныстар енгізеді;

      бөлім меңгерушісімен бірлесіп, экспозициялық қызметтің негізгі бағыттарын анықтайды;

      экскурсия жүргізушілері мен суретші-дизайнерлерге экспозициялық және көрме жұмыстарының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша кеңестер береді;

      дәрістік және анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындайды.

      321. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      экспозициялық-көрме жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін.

      322. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (композиция, кескіндеме, өнертану, дизайн, баспа ісі, тарих, археология және этнология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (композиция, кескіндеме, өнертану, дизайн, баспа ісі, тарих, археология және этнология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары ІI санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ cанаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (композиция, кескіндеме, өнертану, дизайн, баспа ісі, тарих, археология және этнология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (композиция, кескіндеме, өнертану, дизайн, баспа ісі, тарих, археология және этнология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "дизайн" немесе "кескіндеме, мүсіндеу және графика" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "дизайн" немесе "кескіндеме, мүсіндеу және графика" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ cанаттағы: "дизайн" немесе "кескіндеме, мүсіндеу және графика" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "дизайн" немесе "кескіндеме, мүсіндеу және графика" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

Параграф 6. Экскурсия жетекшісі

      323. Лауазымдық міндеттері:

      экспозициялар, көрмелер, ашық сақтау қорлары мен музей нысандарына экскурсиялар жүргізеді;

      ішкі тәртіп актілері мен әдіскердің ұсыныстарына сәйкес экскурсияларға қосымшалар мен өзгерістер енгізеді;

      экскурсиялар өткізу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын жасайды;

      мәдени-ағартушылық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне, әдістемелік ұсынымдарды даярлауға және экскурсия бойынша ұсынымдар тыңдауға қатысады.

      324. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      өз мамандығының ерекшелігін ескере отырып, мәдениет тарихын, этнография мен археологияны, музей ісіне байланысты жетекші материалдарды, ғылыми-ағартушылық жұмыс мәселелері бойынша жаңа зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерді, экскурсия мен дәрістердің тақырыбын, отандық және шетелдік музейлер экскурсияларының, дәрістік жұмыстарының озық тәжірибесін.

      325. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары ІI санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "туризм" немесе "аударма ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "туризм" немесе "аударма ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "туризм" немесе "аударма ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "туризм" немесе "аударма ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

Параграф 7. Әдіскер

      326. Лауазымдық міндеттері:

      ұйымның негізгі пәні мен ғылыми қызметінің бағыттары негізінде музейлік-білім беру қызметінің әдістемесін жасайды;

      жас ерекшеліктері әртүрлі балалар мен жастар топтарына бағдарланған, балалар мен жасөспірімдердің бойында әлемді эстетикалық қабылдау, тарихи ойлау, әсерлі қабылдау дағдыларын қалыптастыруға, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізуді жүзеге асырады;

      музейлік-білім беру бағдарламаларын жасайды және жүзеге асырады;

      музейдің музейлік білім беру қызметі бойынша келушілер арасында әлеуметтік сауалнамалар ұйымдастырады;

      балалар мен жасөспірімдер аудиториясына музейлік білім беру қызметінің мониторингін жүзеге асырады;

      музейлік білім беру ісінің әдістемелік құжаттарын басып шығаруға дайындауды жүзеге асырады;

      ғылыми-әдістемелік жұмыс жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды жасайды.

      327. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      музей заттары мен музей коллекцияларын есепке алу, сақтау, зерттеу, жариялау, сақталымын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, педагогика негіздерін, әлеуметтану негіздерін, балалар және әлеуметтік психологиясы, риторика, дидактика, заманауи коммуникативтік технологиялар негіздерін, экспозициялық-көрмелік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесін.

      328. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІI санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

Параграф 8. Редактор

      329. Лауазымдық міндеттері:

      экспозициялар мен көрмелердің мәтіндері мен этикетажын редакциялайды, аударады, басып шығарады, көбейтеді;

      буклеттерді, каталогтарды, плакаттарды, афишаларды, конференция материалдарын, мақалалардың ғылыми жинағын және басылымдарды баспаға дайындайды және шығарылымын қамтамасыз етеді;

      баспа өнімін дайындауды және басып шығаруды іске асырады;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен, газет, журналдар редакцияларымен, телевидение және радио, ақпараттық агенттіктермен, баспалармен ұйымның қызметін, музейлік және музейден тыс экспозициялар мен көрмелерді насихаттау бойынша байланысты жүзеге асырады;

      ғылым, музей ісі салаларындағы аудармаларында, сондай-ақ орындалған аудармаларды есепке алу және жүйелеуде қолданылатын түсініктер мен анықтамаларды жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізеді;

      аудармалардың түпнұсқаның лексикалық, стилистикалық және мәндік мазмұнына дәл сай келуін, қолданылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты бекітілген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімде аудармаларды орындайды.

      330. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      орындалатын жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды, ұйым қызметінің ерекшелігін, ғылыми аударманы, аудармаларды үйлестірудің қолданыстағы жүйесін, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалар тақырыбы бойынша терминологияны, ғылыми және әдеби редакциялаудың негіздерін, қазақ және орыс тілдерінің грамматикасы мен стилистикасын.

      331. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      2) І санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

      біліктілігі орта деңгейлі маман:

      1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      2) I санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, арнайы кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

 

3-БӨЛІМ. БАСҚА ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ (ТЕХНИКАЛЫҚ ОРЫНДАУШЫЛАР) ЛАУАЗЫМДАРЫ

Параграф 1. Музей қараушысы

      332. Лауазымдық міндеттері:

      жәдігерлердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      экспозицияларды күнделікті таңғы және кешкі тексеруді жүзеге асырады,

      келушілер үшін музей, музей-қорық ашылудан бұрын сеніп тапсырылған экспозицияны тізім бойынша қабылдап алып, жұмыс аяқталғаннан кейін бөлім жетекшісіне өткізеді;

      этикетаждың бар болуын, музейдегі, музей-қорықтағы температура мен ылғалдылық деңгейін тексереді, кезекші журналға жазбаларды енгізеді;

      музей, музей-қорық бойынша анықталған бұзушылықтар мен ескертпелер журналын жүргізеді;

      анықталған кемшіліктер туралы оларды жою үшін өндірістік персоналға, шаруашылық қызметке жедел хабарлама береді;

      музей заттарының бүлінулерінің, жоғалуы мен ұрлануының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      жәдігерлердің сақталуы жағдайын қадағалауды жүзеге асырады;

      әйнектер мен жәдігерлердің толық сақталымын қадағалайды;

      келушілерге қызмет көрсету кезінде қызметтік этикетті сақтайды;

      музей, музей-қорықтың жұмыс тәртібін сақтайды;

      өрт сөндіру құралдарын пайдалану машығын біледі;

      материалдық жауапкершілік туралы шартқа сәйкес өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

      333. Білуі тиіс:

      Конституцияны;

      Еңбек кодексін;

      "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.

      334. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жұмыс өтіліне қатысты талаптар қойылмай, жалпы орта білім.

 

3518 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper