Анонс


Ұлттық музей қала қонақтарын "Музей түні" жобасын тамашалауға шақырады

Бейсенбі, 28 Қараша 2019 15:38
Ұлттық музей қала қонақтарын "Музей түні" жобасын тамашалауға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай 2019 жылғы 29 қарашада 18:00-24:00 аралығында «Ұлы дала мұрасы» музейлер шеруі өтеді. Музей кешіне келген астаналықтар мен қала қонақтары Ұлттық музейге тегін кіріп, түрлі шараларды тамашалай алады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шараның мақсаты - ұлттық кодқа негіз болатын ұлттық құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін заманауи форматта танытып, музей қызметін, ондағы экспонаттар мен жауһар жәдігерлерді кеңінен насихаттау.

 Музей – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Музей жинақталған экспонаттарды сақтап қана қоймай, заттық және рухани құндылықтарды танытып, зерттеп, мазмұнын насихаттап, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Ұлттық музейде аталған бағыт бойынша түрлі жобалар жүзеге аысырылып келеді. Көпшілік назарына алғаш рет ұсынылып отырған «Ұлы дала мұрасы» жобасы көпшілікті қоғамның мәдени саласымен байланыстырып,  музей өмірін танытуды көздейді.

Музей шеруі барысында суретші, гиперреалист-мүсінші, «100 жаңа есім» жобасының «Мәдениет» номинациясы бойынша жеңімпазы Айдос Есмағамбетовтің гримдеуі ұйымдастырылады. «Ежелгі және ортағасырлар тарихы» залында өтетін «Жанданған базар: «Абай» қойылымы, әсем балл биі, цирк әртістерінің шоуы жүргізіледі. «Мысыр Ұлттық музейде» және «Quintessence» атты топтық көрмелерінің ашылуы, сонымен қатар әр залда  тетрландырылған көріністер, этно-коллекция бойынша дефиле, қазақша қол күрес, «Асығың алшысынан түссін!» ұлттық ойындары өтеді.

Бұл кештің ерекшелігі Қазақстан кәсіпорындары, атап айтсақ, «Green products» ЖШС «G-life» ауыз суын және «Нәтиже» фирмасы сүт тағамдарын  ұсынады.

Музейлік кештің ашылу салтанатында концерттік бағдарлама, арт пазл құрастыру, қолөнер жұмыстары бойынша әшекейлер жасау, ағаш ою, қыш ыдыстардар жасау, шеберлік сабақтары, музей залдары бойынша шолу экскурсиялар жүргізіледі.

2365 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper