Анонс


Халықаралық конференция өтеді: «Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы: мәдениеттер сабақтастығы және трансформациясы»

Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 10:59
Халықаралық конференция өтеді: «Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы: мәдениеттер сабақтастығы және трансформациясы» KAZMUSEUM.KZ -  

Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, Омаров Ғани Қалиханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы: мәдениеттер сабақтастығы және трансформациясы» атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Халықаралық конференция аясындағы шаралар:

«Есік» қорық-музейі аумағындағы зерттеліп жатқан элитарлы сақ қорғанына экскурсия;

«Есік» қорық-музейінің экспозициялық залдарына экскурсия;

Археолог,    тарих    ғылымдарының    кандидаты,    Ғ.Қ. Омаровтың 60         жылдық мерейтойына арналған «Археолог жолы» фотокөрмесінің ашылуы;

Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық мәдениеттерінің мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізу.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін толтырылған өтініш және баяндама мәтіндерін мына e-mail-ға жіберу қажет: bessetayev.b@kaznu.kz

Конференция   соңында    мақалалар   жинағы    шығарылып, arheology.kz сайтына жүктеледі.

Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

Ежелгі және ортағасырлық археология;

Көрнекті археологтар жайлы естеліктер мен ой-толғамдар;

Археологиялық экспедициялардың далалық материалдары;

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және музеефикациялаудың әдістері;

Археологиядағы пәнаралық әдістер;

Археологиядағы қазіргі заманғы әдістер мен тұрғылар;

Археологияны, және музей ісін ЖОО-да оқытудың жаңа тұрғылары мен инновациялық әдістері.

Студенттер мен магистранттардың мақалалары, сонымен бірге, зерттеушілермен бірлескен мақалалар қабылданбайды. Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші жақтан өтеледі.

БАЯНДАМАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Баяндама мәтіні 15 бетке дейін (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, суреттер мен кестелерге арналған жазбалар) *.doc, *. docx форматында қабылданады. Times New Roman 12 шрифтпен терілуі тиіс, жоларалық интервал - 1, жиектер: жоғарғы және сол жақ 3 см, оң жақ 1,5 см, төменгі жақ 2,5 см. Азат жол: 1 см.

Көрнекілік материалдар және олардың жазбалары бөлек файл түрінде жіберіледі. Сегіз данаға дейін сызба және сурет түріндегі көрнекілік қабылданады. Көрнекіліктер jpg немесе tiff форматында, 300 dpi кем болуы шарт. Мәтінде суреттерге сілтеме доғал жақшаларда беріледі. Мысалы (сурет 1,3; 2,4), (кесте 1).

Баяндама мәтіні бірінші жолдың оң жақ шеті бойынша рәсімделеді, автор көрсетіледі, екінші толығымен жұмыс орны, үшінші қала және мелекет, төртінші автордың (авторлардың) электронды поштасы, бесінші қанық шрифтпен баяндама атауы үлкен әріптермен жазылады. Әрі қарай, негізгі мәтін 1 бос жолдан кейін, азат жолдан басталады.

Деректерге сілтеме доғал жақшаларда жасалады (Аты-жөні, жылы, беті). Мысалы: (Омаров, 2014, 15-20). Сілтеме ұжымдық жұмысқа жасаланған жағдайда бірінші үш автор көрсетіледі (Маргулан, Акишев, Кадырбаев, 1966, с.97).

Әдебиеттердің тізімі мақала соңында алфавит бойынша беріледі. Әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен (автордың тегі мен аты-жөні, жұмыстың атауы, орны, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде жасалады.

Зерттеулерді қаржыландыру (егер бар болса) туралы ақпарат (қорды көрсету, грант № және оның атауы) әдебиеттер тізімінен кейін жазылады.

Мақала соңында ағылшын тілінде аннотация болуы қажет. Аннотация автордың / авторлардың аты-жөнінен, мақаланың атынан және 300 көп емес сөзден тұрады. Егер баяндама ағылшын тілінде болса, аннотация қазақ немесе орыс тілінде жазылады.

Тыйым салынған: табуляцияны жүргізу; сөздерді разрядпен бөлу (сөздер арасында, белгілер арасында тек бір бос орын болуы керек); абзацтарды бос жолмен бөлу; автоматты режимде орындалатын командаларды пайдалану (әдебиетке сілтемелер, еренсілтемелер мен ескертулер, абзацтарды таңбалау және нөмірлеу және т.б.); макростарды пайдалану, мәтінді шаблон түрінде сақтау және «тек оқу үшін» орнату; мәтінді пішімдеу және мәжбүрлі түрде ауыстыру. Көрсетілген өлшем бірліктері СИ жүйесіне сәйкес келуі тиіс.

Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар Ұйымдастыру алқасының шешімімен бойынша жинаққа еңгізілмейді.

Конференцияны өткізуге байланысты туындаған барлық сұрақтарды, кеңестер мен тілектерді төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауларыңызды сұраймыз.

Бесетаев Бауыржан Берікқанұлы е-mail: bessetayev.b@kaznu.kz

Ерғабылов Ақбар Ерболұлы symbat.sagyndykova@kaznu.kz

 

«Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы: мәдениеттер сабақтастығы және трансформациясы», 4 маусым 2021 ж. халықаралық археологиялық конференциясына қатысуға

 ӨТІНІШ

Автордың (авторлардың) аты-жөні (толық)

 

Мемлекет, қала

 

Мекеменің атауы (полностью)

 

Қызметі

 

Ғылыми атағы

 

Байланыс телефоны

 

e-mail

 

Баяндама атауы (бас әріппен емес)

 

Іссапарды рәсімдеу үшін жеке шақырудың қажеттігі

 

1383 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper