Анонс


Музей қызметкерлерін республикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

Бейсенбі, 23 Мамыр 2019 14:32
Музей қызметкерлерін республикалық конференцияға қатысуға шақырамыз KAZMUSEUM.KZ -  

 Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі «Қазіргі қоғамдағы музейдің рөлі: әлемдік тәжірибе және өңірлік жағдай» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция 2019 жылғы 1-2 қазанда Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде өтеді. Конференцияға қатысуға мекеме басшылары мен музей қызметкерлері, кітапхана, мұрағат, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, ЖОО студенттері және басқада ғылыми-білім беру және мәдени мекемелер шақырылады.

Талқыланатын тақырыптар:

- Қазақстан музейі: тарихы, теориясы, тәжіриебесі;

- Музей жинақтары: зерттеу және атрибуция;

- Музейдегі сандық технологиялар көмегімен материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтауға қатысты мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу;

- Қазақстан көркем музей қызметкерлерінің әріптестік байланыстарын дамыту;

- Жастар аудиториясының тарихи-мәдени мұрасына назарын аудару үшін музей қызметінің инновациялық түрлерін дамыту;

- Музей қызметін кеңейту. Жаңа сын-қатерлер мен міндеттер.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша баяндамалар тақырыбы мен мәтінін конференцияны ұйымдастырушыларға үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін төмендегідей мекен–жайға немесе muzei92@mail.ru электрондық поштасына жолдау сұралады.

Конференцияға қатысушылардың барлық шығындарын іс-сапарға жіберуші ұйымдар төлейді.

Конференцияның материалдары жинақталып, баспадан жарық көреді.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: жалпы көлемі 6 бетке дейін, шрифт Times New Roman, кегль - 14, интервал - 1, бірінші жолдың шегінісі - 1,25. Шегіністер-жоғарғы және төменгі жағы 2 см, сол жағында 3 см, оң жағында 1 см, оң жағында 1 см, ортасында баяндама тақырыбы, келесі жолы - автордың тегі, аты, жұмыс немесе оқу орны, электрондық пошта, әрі қарай баяндама мәтіні, әдебиет. Сілтемелер жақшада көрсетіледі.

Баяндамалар төмендегідей мекен - жайда қабылданады:
Атырау облысы,
Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11.
Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі.
Email: muzei92@mail.ru
Жауаптылар: Ш.Лұқпанова

Телефон: 87776644936; 8 (7122) 32-75-43

2334 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper