Анонс


Ақтөбе облыстық музейі Алаш тақырыбына арналған конференцияға шақырады

Жексенбі, 26 Ақпан 2017 01:32
Ақтөбе облыстық музейі Алаш тақырыбына арналған конференцияға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш қозғалысы: тарихы, зерттелуі және жаңа ізденістер» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференцияның мақсаты - Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің қоғамдық-саяси қызметін саралау және қазіргі зерттелуінің нәтижелерін баяндау, жаңа мұрағаттық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның бағыттары:

1. Алаш қозғалысы мен Алаш үкіметінің ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудағы орны;

2. Алаш қайраткерлерінің өмірі және қоғамдық-саяси қызметі;

3. Музей ісіндегі Алаш қайраткерлеріне қатысты жәдігерлердің насихатталуы.

 

Конференция жұмысының тілдері: қазақ және орыс.

Мақалаларды қабылдау мерзімі: 2017 жылдың 20-шы наурызына дейін (ғылыми мақалалар жинағын баспадан шығару жоспарлануда).

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 20 сәуір.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

030000, Ақтөбе қаласы, Ы.Алтынсарин к-сі, 14

«Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі»

Байланыс телефоны: 8 (7132) 23-74-44;

Факс: 8 (7132) 23-74-44;

E-mail:2017_alash@mail.ru

Жауаптылар:

Арман Құдайбергенұлы Ержанов ұялы тел.: 8-702-126-96-44;

Айбек Сламғалиұлы Ертемиров ұялы тел.: 8-702-591-72-33;

 

Мақаланы рәсімдеу тәртібі: Мақала мәтіні толық 10 бетке дейін; шрифті «Times New Roman» (14 шрифтімен, интервалы – 1, жоғары және төменгі шектері – 2 см., сол жиегі – 3 см., оң жиегі – 1 см.), бастапқы жолдың ортасында қарамен белгіленіп жазба әріптермен мақала атауы (мыс. АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ), оң жиегінде автордың аты-жөні, ғылыми атағы, лауазымы және ұйымның атауы, қала аты. Мақалада сілтемелер тік жақшамен, қолданған беті көрсетіледі (мысалы, [1, 31-б.]). Мақала суреттері jpeg форматында, автордың тегі жазылуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында альфавиттік ретпен жазылады. Сөйлем соңындағы нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Ұйымдастыру комитеті қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтаруға құқылы.

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ (ҮЛГІ):

 

Аты-жөні (толығымен): _________________________________

Ғылыми атағы: ________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________

Байланыс телефоны: ____________________________________

Автордың мекен-жайы: _________________________________

Факс, E-mail: __________________________________________

Мақала тақырыбы: _____________________________________

3147 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper