Анонс


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚР Ұлттық музейі байқау жариялайды

Жұма, 23 Қыркүйек 2016 00:34
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚР Ұлттық музейі байқау жариялайды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелеген кескіндемелік және графикалық сурет, мүсін (білдекті (станковый), монументалды-сәндік), инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздерін жасауға байқау жариялайды., деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Байқау 2016 жылғы 15 қыркүйек-15 желтоқсан аралығында өтеді. Байқауға қатысуға кәсіби суретшілер шақырылады. Сыйлықақының жалпы қоры - бір миллион теңге.

 

Байқаудың мақсаты және міндеттері:

 

  • Ұлы Дала еліндегі маңызды тарихи оқиғалар және көрнекті тарихи тұлғалардың көркем бейнесін нақты көрсету арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қазақстандықтардың тарихи оқиғаларға көзқарастарын қалыптастыру.
  • Тарихи жанрды (тарихи-тұрмыстық жанр, тарихи-этнографиялық жанр, кескінді тарихи композиция, тарихи пейзаж, соғыс тақырыбындағы сюжетті жанр) дәріптеу.
  • Суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін жандандыру және олардың кәсіби деңгейін көтеру.
  • Басты шығармашылық жетістіктерді анықтау және отандық заманауи бейнелеу өнеріндегі жаңа үрдістерге жұртшылықтың назарын кеңінен аудару.

 

Байланысу:

010000,  Астана қ., Тәуелсіздік, 54.

тел.: +7(7172) 91 90 35, +7(7172) 91 90 36

e-mail: Ulttyk_muzei@mail.ru

 

Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды

бейнелеген заманауи бейнелеу өнеріндегі

туындылардың эскиздерін жасауға

байқау

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі (бұдан әрі - Музей) Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелеген кескіндемелік және графикалық сурет, мүсін (білдекті, монументалды-сәндік), инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздерін жасауға байқау жариялайды.

 

Байқаудың мақсаты және міндеттері:

  • Ұлы Дала еліндегі маңызды тарихи оқиғалар және көрнекті тарихи тұлғалардың көркем бейнесін нақты көрсету арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және қазақстандықтардың тарихи дүниеге көзқарастарын қалыптастыру.
  • Тарихи жанрды (тарихи-тұрмыстық жанр, тарихи-этнографиялық жанр, кескінді тарихи композиция, тарихи пейзаж, соғыс тақырыбындағы сюжетті жанр) дәріптеу.
  • Суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін жандандыру және олардың кәсіби деңгейін көтеру.
  • Басты шығармашылық жетістіктерді анықтау отандық заманауи бейнелеу өнеріндегі жаңа үрдістерге жұртшылықтың назарын кеңінен аудару.

 

Байқау бір кезеңнен тұрады.

Байқаудың өту мерзімі: 2016 жылғы 15 қыркүйек-15 желтоқсан аралығы

 

I.Эскиздерге қойылатын талаптар:

1.1.    Эскиздердің өлшемі (пішімі) А4-тен А1-ге дейін;

1.2.    Эскиз саны суретшінің қалауына қарай (кейбір көріністерді жан-жақты орындауға болады);

1.3.    Эскизге туындының тұжырымдамасы қоса беріледі (1-2 парақ);

1.4.    Эскиз графикалық туынды ретінде экспозициялау үшін дайын болуы тиіс (жақтау, паспарту, ілмек).

 

II.Байқау шарттары:

2.1.          Байқауға қатысуға арнайы орта білімді және жоғары білімді суретшілер шақырылады;

2.2.          Эскиздерде ұсынылған тақырыптар бейнеленуі тиіс (қосымша№2);

2.3.          Эскиз 2016 жылы жасалған және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек;

2.4.          Суретшінің немесе суретшілер тобының бір не одан да көп эскиз ұсынуына болады;

2.5.          Байқауда сыйлықақы алған эскиздер музей қорына өтеді, авторға қайтарылмайды;

2.6.          Эскиздер музей поштасына жіберіледі немесе автордың өзі музейге жеткізеді;

2.7.          Сауалнама, тұжырымдама музейдің электронды адресіне жіберіледі.  Е-mail: Ulttyk_muzei@mail.ru;

 

Аталымдар байқау жұмыстарының болжалды орындалу техникасы бойынша белгіленеді. Әрбір аталым бойынша лауреаттар анықталады (1,2,3 жүлделі орындар).

Кескіндеме – аталымы, графика – аталымы, мүсін – аталымы, инсталляция – аталымы.

Эскиздердің көрмесі ұйымдастырылады. Аталымдар бойынша 1,2,3 орын алған жеңімпаздарға сыйлықақы беріледі. Байқау іріктеуінен өткен барлық байқауға қатысушылар байқау дипломанттары атанады және оны растайтын байқауға қатысушы дипломы беріледі.

 

III. Байқау бюджеті:

3.1.    Бюджет музейдің өз қаржысынан және демеушілік қаржы көздерінен құралады.

3.2.    Бюджет байқау көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалады: баспа өнімдерін шығаруға (афиша, шақыру қағаздары), эскиздердің көрмесін ұйымдастыру үшін жұмсалатын және экспозициялық материалдар алуға;

3.3.    Аталымдар бойынша байқау жеңімпаздарына берілетін  сыйлықақыға. Сыйлықақының жалпы қоры - 1 000000 (бір миллион теңге).

 

 

IV.Байқаудың ұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитеті:

 

4.1.    Байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ұлттық музей;

4.2.    Байқаудың дайындық жұмыстарын іске асыру және оны өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, ол байқаудың дайындығын және өткізілуін үйлестіреді, байқауға қазылар алқасының құрамын және жұмыс тәртібін бекітеді;

4.3.    Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысушылармен іскерлік қатынас хаттарын жүргізеді, электронды нұсқадағы каталог дайындау үшін материалдарды мұрағаттауды ұйымдастырады;

4.4.    Туындыларды іріктеуді мәдениет және өнер қайраткерлерінен, өнертанушы, ғалымдар, журналистер, меценаттар, коллекция жиюшылар және басқалардан тұратын конкурстық қазылар алқасы жүзеге асырады.

 

V. Қорытынды ереже:

5.1.    Суретшілер байқауға қатысу арқылы ұсынған эскиздерін байқауды жарнамалауға және дәріптеу  мақсатында жариялауға келіседі;

5.2.    Осы Ережеде аталмаған барлық басқа мәселелерді ұйымдастырушылар шешеді;

5.3.    Байқауға қатысу үшін эскиздерін ұсынған автор осы Ереженің шарттарымен келісті деп есептеледі.

 

ҚОСЫМША:

Экспонат сауалнамасы  / Қосымша 1/

Қосымша 1

ҚАТЫСУШЫ САУАЛНАМАСЫ

 

1. Аты-жөні________________________________________________________________________________________        ______________________________________________________________________

 

2. Туған жылы, күні, айы _________________________________________________

 

3. Мекен жайы, телефоны, электронды пошта  __________________________________________________________________________________________________________

 

4. Мамандық  бойынша білімі ______________________________________________________________________________

________________________________________

 

5. Шығармашылық одақтарға және  бірлестіктерге мүшелігі___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

6. Көрмелерге қатысуы (өзіңіз үшін ең маңыздысы, бесеуден артық емес)

_________________________________________________________________________________________________________________________

 

7. Атақтары, марапаттары (өзіңіз үшін ең маңыздысы, бесеуден артық емес)

________________________________________________________________________

 

8. Қатысуға ұсынылған жұмыстардың тізімі (туындының атауы, жасалған жылы, өлшемі (см. биіктігі × ені)

__________________________________________________________________________

 

9.  Автордың суреті

_________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 «_______» «____________________» 2016ж.      __________________________________________________                                                                                                

                                                                                           (қолы)

 

Қатысушы сауалнамасын толтыруды және электронды поштаға жіберуді сұраймыз:

e-mail: Ulttyk_muzei@mail.ru

 

Қосымша 1.1

Тақырыптар

Сипаты

1

Қазақстан Тәуелсіздігі туралы Декларацияның қабылдануы

 

2

Астана - Қазақстан Тәуелсіздігінің символы

 

3

Алматы - Қазақстан Тәуелсіздігінің бесігі

 

4

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы

 

5

Тәуелсіз Қазақстан шекарасының шегенделуі

 

6

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

 

7

Қазақ ғарышкерлері

 

8

«Астана Опера» опера және балет театры

Театр ғимаратының сәулеті

9

ҚР Ұлттық музейі

Музей құрылысы және ашылуы

10

Астананың жасыл белдеуі (жасыл алқаптар)

 

11

Новый Шелковый путь, Нұрлы Жол: Транспортная инфраструктура

Жаңа Жібек жолы, Нұрлы Жол: Көлік инфрақұрылымы

Новые железные дороги, новые автотрассы на территории Казахстана

Қазақстан аумағындағы жаңа темір жолдар, жаңа автомобиль жолдары

12

Астана күнін мерекелеу

 

13

Назарбаев Университетінің студенттері

 

14

Бәйтерек туралы аңыз

 

15

«Алтын адам» археологиялық

олжасы

Бірегей археологиялық Есік қорғанындағы қазба жұмыстары

16

Ботай өркениеті:

жылқыны қолға үйрету

 

17

Отырар кітапханасы

Ортағасырлық кітапхана көрінісі, ұстаздар мен шәкірттердің кітапхана залдарындағы жұмыс көрінісі

18

Хан сайлау рәсімі

Хан көтеру салтанаты

19

Сақ-парсы соғысы. Тұмар патшайым

 

20

Ғұндардың Еуропаға келуі. Атилла

 

21

Күлтегін ескерткіші

 

22

Ұлы даланың ежелгі қалалары: Тараз, Отырар және басқалар

 

23

Түркі жазуы

 

24

Ортағасырлық ұстаз Әл-Фараби

 

25

Жауынгер қазақ қызының жинақталған бейнесі

 

26

Атақты Қоянды жәрмеңкесі

 

27

Арал теңізіндегі қазақ балықшылары

 

28

Кен өндіру

 

29

Мұнай өндіру

 

30

ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары

 «Алаш» қозғалысының қайраткерлері

31

Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтар

 

32

Қазақстан астаналары: Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана

 

33

Ұжымдастыру кезеңі:1932-1933 жылдардағы ашаршылық

 

34

Семей жеріндегі атом бомбасын сынау

Жойқын қарудың зардаптары және қатерлері

35

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы

 

36

Арал теңізі

 

37

Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов

Париждегі күресі, қарсыласын жығып жатқан сәт

38

Қазақстанның Олимпиада чемпиондары

 

39

Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерліктері

 

40

Всемирный Курултай казахов

 

 

 

 

 

 

3510 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper