Анонс


«Есік оқулары» аясында конференция өтті

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 02:36
«Есік оқулары» аясында конференция өтті KAZMUSEUM.KZ -  

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын адамның» ашылуына – 50 жыл, «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына – 10 жыл, археолог Б. Нұрмұханбетовтың туғанына – 85 жыл толуына орай «Есік оқулары»  аясында «Алтын адам» және Еуразияның дала белдеуінің көшпенділер археологиясының мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.   

Конференцияға  Қырғызстан, Ресей, Түркия, ҚХР, Белгия ғалымдары да қатысып өз баяндамаларын жасады. Конференцияның пленарлық мәжілісін жүргізген «Есік» қорық-музейі директоры  Г.Р. Мухтарованың алғы сөзінен кейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Сеидаллиева Ж.С., археологтар атынан тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң профессоры – Ә.Т. Төлеубаев, шетелдік әріптестер атынан ҚХР, Шәнши провинциясы Шәнши археология институтының директоры - Сунь Чжоу Юн, әріптестер атынан «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің директоры Б.С. Қожахметов, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың директорыҒ.А. Оспанов, алтынның сынығы, асылдың тұяғы, тележүргізуші, зерттеуші – А.Б. Нұрмұханбетовтар құттықтау сөз сөйлепт.ғ.д., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры – С. Жолдасбаев пен т.ғ. д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры - А.Б. Қалыш,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң профессоры Ә.Т. Төлеубаев, «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасының жетекшісі Қ.Қ. Алтынбеков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Археология, этнология және музеология кафедрасыныңдоценті – Ғ.Қ. Омаровтар арнайы баяндама жасады.   

Пленарлық мәжіліспен басталған конференция жұмысы түстен кейін «Еуразияның ерте темір ғасыры, ежелгі және орта ғасырлық тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін археологиялық және этноархеологиялық зерттеу» және «Ұлы даланың материалдық тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, пайдалану, зерттеу және насихаттау мәселелері» атты тақырыптардағы секциялық отырыстармен одар әрі жалғасын тапты.

Қырғыз Республикасы ҰҒА-ң Тарих, археология және этнология институтының Мәдени мұра орталығының жетекшісі Бақыт Аманбаева  Талас жазығындағы соңғы он жылдық бойынша жүргізілген археологиялық зерттеулер жайлы баяндаса, түркиялық ғалым, Ыстамбұл университетінің Музей ісі бөлімінің бастығы – Фетхие Ербай ханым Түркиядағы жекеменшік музейлер тарихының дамуы, бүгінгі күнгі жағдайы туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, РФ РҒА Археология институтының қызметкері Д. Ожерельев 2018-2020 жж. «Есік» қорық-музейімен бірлесе зерттеген Рахат палеолит тұрағындағы жұмыстары, ондағы жаңалықтар туралы көпшілікпен бөлісті.

Еліміздегі музейлер мен қорық-музей қызметкерлері, музей мамандары да аталмыш конференцияға белсене атсалысты.  «Есік оқулары»  аясында «Алтын адам және Еуразияның дала белдеуінің көшпенділер археологиясының мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияға шетелден және елімізден жалпы 87 адам қатысты.

Конференция соңында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры – Г.Р. Мұхтарова, «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасының жетекшісі Қ.Қ. Алтынбеков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Археология, этнология және музеология кафедрасының доценті – Ғ.Қ. Омаров,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Геоархеология» ғылыми-зерттеу зертханасының директоры, т.ғ.к., доцент – Ғ.А. Бексейітовтер конференция қарарын қабылдады. 

Конференцияға қатысушы ғалымдар аталмыш конференцияны мүмкіндігінше жыл сайын өткізіп тұру керектігін айтып, өздерінің ақ тілектерін жеткізді.

 

Досым ЗІКІРИЯ, «Есік» қорық-музейі директорының орынбасары  

2104 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper