Анонс


Музейлер бірлестігіне жаңа басшы тағайындалды

Дүйсенбі, 22 Сәуір 2024 16:06
Музейлер бірлестігіне жаңа басшы тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы облысы музейлер бірлестігінің директоры лауазымына Талғат Құрманбекұлы Келімбетов тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Талғат Құрманбекұлы Келімбетов 1989 жылғы 1 желтоқсанда дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ғ. Мүсірепов атындағы Мемлекеттік театрының актері болып бастап, әр жылдары Н.Тілендиевтің мемориалды музейінің ғылыми қызметкері, музей меңгерушісі, Мәдениет және халық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі, «Конгресс холл» көп салалы кешені директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық кітапханасының директор орынбасары, Шымкент қалалық Опера және балет театры директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

690 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper