Анонс


Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған еңбектердің тұсакесері өтеді

Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2015 12:16
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған еңбектердің тұсакесері өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, белгілі ғалым, қоғам қайраткері  Әбсаттар Дербісәлі мен профессор Мансұр Хайдардың «Мырза Хайдар Дулати парсы деректерінде» («Мирза Хайдар Дулати в персидских источниках») кітабының, сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі»кітабының таныстырылымы өтеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған шараға белгілі ғалымдар, тарихшылар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасының өкілдері қатысады.

Тұсаукесер рәсімі 11 қыркүйек күні өтеді. 

2571 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper