Анонс


Қазақстандағы ең кішкентай Құран кітап музейде сақтаулы

Дүйсенбі, 13 Шілде 2015 13:42
Қазақстандағы ең кішкентай Құран кітап музейде сақтаулы KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде көлемі 3х2 сантиметр, алтын-күміс түсі аралас металл тысы бар Құран сақтаулы. Қасиетті кітаптың дәл қай жылы басылғаны белгісіз.

Аса құнды бұл жәдігерді музейге 1978 жылы Орал қаласының тұрғыны Бибі Жармұханова табыстаған. Бибі Абдулқызының музейге айтқан мәліметінше, бұл Құран оның анасы Макперузаға (1886 жылы дүниеге келген) тиесілі болған екен. Ал Макперузаға әжесі берген, әжесіне әкесі Меккеден алып келген делінген.

 Құранның металл тысына ұлғайтқыш әйнек бекітілген. Қырына алтын жалатылғандай кітапшаның 438 парағы, яғни 876 беті бар.

 

Нұрлыбек РАХМАНОВ,

Батыс Қазақстан облысынан арнайы kazmuseum.kz сайты үшін.

Суретке түсірген автор

 

 

 
4486 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper