Анонс


Ақтауда өткен Павлодар музейінің көрмесінде 6,5 млн. жылғы экспонаттар таныстырылды

Сәрсенбі, 17 Маусым 2015 19:45
Ақтауда өткен Павлодар музейінің көрмесінде 6,5 млн. жылғы экспонаттар таныстырылды KAZMUSEUM.KZ -  

Маңғыстауда Павлодар облысының Мәдениет күндері аясында Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі ашылды. Бұл жерде Ертіс өңірінің тарихымен,  әлеуметтік және экономикалық дамуымен байланысты түрлі жәдігерлер қойылды.

«Музей өз жұмысын 1942 жылы бастаған, ол Қазақстандағы үздік музейлердің қатарында. Бұл жерде атақты актер, режиссер Шәкен Аймановтың сахналық костюмдері, халық әншісі Майра Шамсутдинованың киімдері мен сырнайы, археолог-ғалым Әлкей Марғұланның заттары қойылған. Сондай-ақ ғалым Қаныш Сәтпаевтың, басқа да павлодарлық атақты  азаматтарға қатысты түрлі суреттер мен материаладармен танысуға болады», - деді Потанин атындағы музейдің директоры Гүлнар Нұрахметова.

Музейге қойылған түрлі көне экспонаттарға назар аудармай қоймайсыз, олар бұғының сүйектері (10-15 мың жыл бұрынғы), бизонның мүйізі (8-10 мың жыл бұрынғы), мамонттың тістері мен гиппарионның (үш тұяқты көне жылқы түрі) аяқ-қолдары. Гиппарионның аяқ-қолдарына 6,5 млн. жыл болған. Көрмеде сонымен бірге 250 млн. жыл бұрынғы тасқа айналған молюскалар: аммонит  пен белемниттер таныстырылды. Белгілі болғандай, Павлодар музейінің палеонтологиялық коллекциясы «Қазқонақ» ескерткіштерінен бастау алады. Бұл  палеонтологиялық ескерткішті 1928 жылы Ресей ғалымы Юрий Орлов ашқан екен. 

 
2534 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper