Анонс


Өскемен өнер музейі Жеңіс мерекесіне альбом дайындады

Сәрсенбі, 29 Сәуір 2015 22:42
Өскемен өнер музейі Жеңіс мерекесіне альбом дайындады KAZMUSEUM.KZ -  

Шығыс Қазақстан өнер музейінің ұжымы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Борис Французов. Графика» атты альбомын жарыққа шығарды. Бұл туралы музей әкімшілігінен хабарлады. 

«Станоктық графика», «Майдан кітапшасы» және «Этюдтер мен сұлба сызбалар» атты үш бөлімнен тұратын түрлі-түсті басылымға жазған алғысөзін музей қызметкері Лариса Мартынова «Қараңғылық пен жарықтың шекарасында» деп атапты. Онда суретші-майдангердің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты ашып көрсетілген.

Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің қаржылай қолдауымен шығарылған аз ғана таралым 9 - мамыр қарсаңында Барнаул қаласында басылып шыққан тағы да 50 дана альбом-каталогпен толықпақ. Осындай қолдауы үшін өнер музейі мен авторлар ұжымы Алтай өлкесінің губернаторы  Александр Богданович Карлинге өз алғыстарын білдірді.

Оқырманға жол тартқан бұл альбом - каталог   суретші Борис Иванович Французовтың және  Ұлы Отан соғысына қатысқан суретшілердің де  рухтарына тағзым ретінде шығарылып отыр. 

2661 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper