Анонс


Музейде «Ұлт мұраты» және «Возрожденные сокровища Казахстана» кітаптарының тұсаукесері өтті

Сенбі, 20 Желтоқсан 2014 09:15
Музейде «Ұлт мұраты» және «Возрожденные сокровища Казахстана» кітаптарының тұсаукесері өтті KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде  «Ұлт мұраты» и «Возрожденные сокровища Казахстана» атты қос кітаптың тұсауы кесіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады. 

Салтанатты жиын негізінен тарихи кезеңдерді қамти отырып, Қазақстанның барлық жетістіктері мен табыстарын көрсету арқылы азаматтық патриотизмді нығайтуды мақсат тұтады.

Ал «Ұлт мұраты» жинағын ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мен «Мәдени мұра» журналының бас редакторы Жарылқап Бейсенбайұлы құрастырды. Ұлттық музей тарапынан дайындалған жинақта Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы «Мәңгілік ел» идеясын - Қазақ елінің Ұлттық идеясы етіп ұсынуына орайластырылған мақалалар топтастырылып отыр. 

Белгілі ғалымдар жазған еңбектерде арғы түбі ботай, беғазы-дәндібай дәуірлерінен басталып, сақ, ғұн өркениеттеріне ұласқан, одан Көк түрктерге, Алтын Орда, Қазақ хандығына жалғасқан елдік, мемлекеттік тарихымыз жан-жақты сөз болады. Әрі бабаларымыз құрған байырғы патшалықтар, қағанаттар мен ұлыстарға қатысты айғақты мысалдар Ұлттық музейдегі құнды жәдігерліктердің жарқын дәйектері арқылы зерделенеді.

Ал «Возрожденные сокровища Казахстана» кітабында ұлт қазынасын сақтаудың кешенді мәселелері қамтылған. Мұнда көрсетілген қазыналардың басым бөлігі «Мәдени мұра» ұлттық бағдарламасы аясында жаңғыртылып отыр. Қос кітап қалың аудиторияға, қалпына келтірушілер мен археологтарға, музей қызметкерлеріне, тарихшыларға, шығыстанушыларға және студенттерге арналған. Кітаптың авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Алтын адамды», «Берел» қорғанынан табылған аттарды және тағы да басқа жәдігерлерді жаңғыртушы Қырым Алтынбеков.

4195 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper