Анонс


«Есік оқулары» конференциясының жинағы жарыққа шықты

Сейсенбі, 05 Қаңтар 2021 02:17
«Есік оқулары» конференциясының жинағы жарыққа шықты KAZMUSEUM.KZ -  

«І Есік оқулары: Алтын адам және Еуразияның дала белдеуінің көшпенділері археологиясының мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясының материалдар жинағына Еуразияның ежелгі, ерте темір ғасырындағы және ортағасырлардағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін археологиялық және этноархеологиялық зерттеу, археология ғылымын дамыту тарихындағы тұлғалар рөлі, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану мәселелеріне арналған баяндамалар кірді. Жинақ материалдарын тарихшылар, археологтар, музейтанушылар және басқа да осы салаларға қызығушы оқырмандар пайдалана алады.

«I-Есік оқулары: Алтын адам және Еуразияның дала белдеуінің көшпенділер археологиясының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция материалдары / Жауапты ред. Г. Р. Мухтарова. – Алматы, 2020. – 242 б.

Жинақты ОСЫ СІЛТЕМЕДЕН жүктеп алуға болады.

 

Дереккөзі: arheology.kz

1790 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper