Анонс


Ресейде Қазақстан тарихына қатысты экспонат табылды

Сейсенбі, 05 Желтоқсан 2017 17:29
Ресейде Қазақстан тарихына қатысты экспонат табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Белгілі тарихшы, “Қасиетті Қазақстан” орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ресейдің Санкт-Петербург қаласына жасаған сапары кезінде Қазақстан тарихына қатысты экспонатты тапқанын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Алаш әскері тақырыбын зерттеп жүріп, Сейілбек Жанайдаровтың 1915 жылы Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейіне Кенесары ханның кісесін тапсырғаны туралы дерек кездестірдім. Бұл жәдігер «Ксе – пояс киргизского хана Средней Орды» деген атпен аталған музейдің қорында бүгінгі күнге дейін сақталған екен. Оны мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлымен Санкт-Петербургтегі музейге барғанда өз көзімізбен көруге мүмкіншілгі туды.
Сейілбек Жанайдаров 1918 жылы Атбасар Алаш әскери дивизионын құрған әрі Алашорда үкіметінің кандидат мүшесі болған азамат.
Бұл жәдігер Сейілбек Жанайдаровтың қолына қалай түскенін зерттей келе анықтағанымыз – ол кісені Сейілбектің атасы – Кенесары ханның әскери қолбасшыларының бірі Жанайдар Орынбайұлынан қалған мұра екен. Жанайдар батырдың ерліктері туралы Мұса Шормановтың, Мәшһүр Жүсіптің, Доскей ақынның, Жамбылдың, Иманжан Жылқайдарұлының естеліктері мен жырларында кездеседі. Сондай-ақ, бұл туралы І.Есенберлиннің «Қаһар» романында да жазылған.
Батырдың ұрпақтарының айтуынша, Кенесары хан өзін өлімнен бірнеше рет қорғап қалғаны үшін әрі көрсеткен ерліктері үшін аталған кісені Жанайдар Орынбайұлына тарту еткен. Жалпы Кенесары өз батырларына соғыста көрсеткен ерліктері үшін орден-медаль орнына алғыс ретінде үлкен сый-сияпат, марапаттайтын дәстүрі болған. Сондай-ақ Көкшетау шайқасында жеңіске жеткені және шынайы ержүректік көрсеткені үшін Кенесары Ағыбай батырға атасы Абылай ханнан қалған қанжарды тарту еткен екен», - деп жазды Б.Әбдіғалиұлы. 

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

3610 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper