Анонс


Маңғыстау облыстық музейі қызметкерінің «Мекке сапары» атты ойтолғам кітабы жарыққа шықты

Сейсенбі, 17 Қаңтар 2017 01:42
Маңғыстау облыстық музейі қызметкерінің «Мекке сапары» атты ойтолғам кітабы жарыққа шықты KAZMUSEUM.KZ -  

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері, белгілі өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Мекке сапары» атты ойтолғам кітабы жарық көрді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Белгілі өлкетанушы, жазушы Отыншы Көшбайұлы 2016 жылы қажылыққа барып қайтқан еді. Алланың сүйікті Елшісі, соңғы Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі өткен қасиетті жерден көргенін, сонау ықылым заманнан талай Пайғамбарлардың тері тамған, исі сіңген, ізі қалған топырақтың қай бұрышында да терең сырдың жатқаны, сол топырақты басқан адамның бұл өмірге  деген көзқарасының, дүниетанымының өзгеретіні, сол жерде  барша мұсылманды біріктіріп бір арнаға бұрып отыратын әлдебір құдыреттің бар екендігі туралы әсерлі баяндайды. Ойтолғам көпшілік қауымға арналған.

Көшбайұлы Отыншы 1949 жылы 10 қарашада Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының Қызылсу жерінде өмірге келген. Өлкетанушы, «Мәдениет  саласының үздігі», Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Қайран менің жеңешем» (2002), «Бозашы-Маңғыстаудың екінші тынысы» (Ә.Нұрмановпен бірге. 2005), «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстау», «Маңғыстау ғашықтары» (2005), «Отпанның Нұны» (С.Жұбаевпен бірге. 2006), «Атадан жеткен асыл тін», «Дала данасы». (2007), «Маңғыстаудағы аңшылық дәстүр», «Сыбызғы сыңсып жылайды». (2008), «Маңғыстаудағы жерасты мешіттері» (археолог М.Қалменовпен бірге), «Тоғыз ауыл». (2010),   «Шоғы батыр» (2011), «Әке рухына еске алу» (С.Әбішевпен бірге. 20012), «Тау тұлғалы Таушекең»( 2012), «Адайдың Қожакелді батыры», «Мәтжан би» (2016) атты кітаптары жарық көрді.

«ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі» атағымен (1991), «Ерен еңбегі үшін» медальімен (2006), ҚР Президентінің алғыс хатымен (2001), бірнеше рет облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен (2000, 2005, 2009, 2011) марапатталған. Екі рет «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері»  атағына ие болды (2000, 2007).  

1342 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper