Анонс


Ұлттық музейде Мемлекеттік хатшының қатысуымен даңқ кітабінің тұсаукесері өтеді

Сәрсенбі, 23 Қараша 2016 13:50
Ұлттық музейде Мемлекеттік хатшының қатысуымен даңқ кітабінің тұсаукесері өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 24 қарашада сағат 16.00-де «Даңқ кітабын» тұғырға қою және электронды нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Салтанатты шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбеков, сондай-ақ «Даңқ кітабына» енген марапат иегерлері мен саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшылар, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымда  бекітілген «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» №538   қаулысы  негізінде «Даңқ кітабын» жүргізу және сақтау Ұлттық музейге тапсырылған болатын. Аталған қаулыда көрсетілген ережеге сәйкес жүргізілетін «Даңқ кітабын» Ұлттық Ұланның сарбаздары салтанатты түрде витринаға қояды. Алдағы уақытта «Даңқ кітабы» Ұлттық музейдің Тәуелсіздік залындағы Мемлекеттік марапаттар витринасының экспонаты ретінде музейге келушілердің назарына ұсынылады.

 «Даңқ кітабына» ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісіне, «Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордендеріне және «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның еңбек ері» атақтарына ие болған азаматтар туралы жазбалар енгізіледі. Жазба мемлекеттік тілде жүргізіледі.

2355 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper