Анонс


Қазақ халқының тарихына қатысты тосын пайымдаулары бар кітап жарыққа шығады

Бейсенбі, 13 Қазан 2016 00:48
Қазақ халқының тарихына қатысты тосын пайымдаулары бар кітап жарыққа шығады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 13 қазанда сағат 12:00-де жазушы, филология ғылымының кандидаты, түркітану кафедрасының профессоры,  Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының  және Күлтегін сыйлығының иегері Қойшығара Салғараұлының «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» кітабының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Аталған кітап оның бұған дейін жарық көрген «Ежелгі түріктер», «Шығыстағы түріктер» және «Ортағасырлық түріктер» атты зерттеу  еңбектерінің қорытынды түйіні іспеттес. Мұнда автор қазіргі таңда «түріктектес», «түріктілдес» деп аталатын халықтардың арғы ата-бабаларының естен өшкен ескі замандардағы тарихына қатысты бұрын-соңды зерттеушілер қаламына ілікпеген әлем халықтарының мифологиясындағы тарихтық, тілдік деректерді бүгінгі археология, лингвистика, генетика, тарих ғылымдарының жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы өзіндік жаңа, тосын пайымдаулар жасайды. Тың ойлары оқырманын бірден баурап, қызықтырып, одан әрі оқуға жетелеп отырады. 

 

 

Фото: "Алаш айнасы"

2573 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper