Анонс


«В Туве, где предков древний род...» кітабінің таныстырылымы өтті

Сенбі, 28 Мамыр 2016 00:07
«В Туве, где предков древний род...» кітабінің таныстырылымы өтті KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде танымал саяхатшы-жазушы Исмаилжан Иминовтың «В Туве, где предков древний род...» (Бабалардың көне тегі қалған Тувада...) кітабінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Жиында сөз алған Бүркітбай Аяған, Серік Негимов, Тұрсынхан Зәкен сияқты тарихшы-ғалымдар түркі тектес халықтардың тарихи тегі бір екендігін және оны алдағы уақытта бірге зерттеу маңызды екендігіне тоқталып өтті.

 Аталған кітап 2015 жылы Қазақстан «Инаят» («Инайәт») қоғамдық құрылымдар ассоциациясының қолдауымен өткен Тувадағы көне ұйғыр Пор-Бажын қорғанына жасалған ғылыми-танымдық экспедиция нәтижесі болып табылады. Кітаптың жекелеген тараулары қазақстандық «Мысль» журналына жарияланып, мыңдаған  білімқұмар оқырмандардың назарын аударды. Бұл жолы жазушы мәдениеті мен нанымы ерекше Ресей Федерациясының құрамындағы буддизм мен бақсылығы үйлесімді өмір сүріп жатқан, көлдер, таулар және өзендер ит тұмсығы батпас қалың тайгамен кезектесіп жатқан, көне ескерткіштер заманауи өркениет жетістіктерімен қатар өмір сүріп жатқан Туваны сипаттайды. Оқырман  бүгінгі тувалықтардың өздерінің ежелгі де, кешегі кеңестік өткен тарихын да құрметтей отырып ұлттық дәстүрлерін сақтау қолдарынан келіп отырғанын біледі. Кітап жеңіл оқылады және оқырман Туваның керемет табиғатын көру үшін және өзіндік ерекшелігін ғана емес, интернационализмді де сақтап отырған тамаша түркі халқы - тувалықтармен танысуға деген құлшынысын оятады.

Исмаилжан Әбдіқадырұлы Иминов Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричная поселкасында (бүгінде – Қарғалы ауылы) 1959 жылғы 12 маусымда дүниеге келді. 1978 жылы ҚазМУ-нің филология факультетіне оқуға түсті. Автордың мақалалары Қазақстанның және Ресейдің қазақ, ұйғыр және орыс тілдеріндегі БАҚ беттерінде үнемі жарияланып тұрады. «Мысль» және «Мир путешествий» журналдарының тұрақты авторы. 300-ден астам жарияланымның авторы. 2014 жылы Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамының Қашғарияға жасаған «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» экспедициясының ғылыми жетекшісі болды. 

  «Менің Қашғариям» (2014 ж.), «Балалық шағымның бұлақтары» (2014 ж.),  «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» (2015ж.), «Алтышаруға саяхат» (2016ж.) кітаптарының авторы. Оның кітаптары қазақ, ұйғыр және ағылшын тілдеріне аударылған. 

 

Инстаграмдағы парақшамыз: @kazmuseum.kz

1484 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper