Анонс


«Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша» атты еңбектің тұсаукесері өтеді

Бейсенбі, 04 Ақпан 2016 14:11
«Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша» атты еңбектің тұсаукесері өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылғы 5 ақпанда сағат 15:00-де И.Иманов пен О.Мазбаевтың «По караванному пути великого Чокана» кітабының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Кітап Қазақ ұлттық географиялық қоғамының 2014 жылғы 24 шілде және 5 тамыз аралығында ҚХР және Қырғызстан территориялары арқылы өткен  «Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойынша»  атты алғашқы халықаралық экспедициясына арналған. Аталмыш экспедиция  соңғы сегіз жыл ішінде жүзеге асырылған «Шоқан жолдарымен» атты экспедициялар сериясының соңғы сапары болып саналады. Экспедицияға қатысушылар Шоқан Уәлиханов жүріп өткен жерлерге (Қырғызстан, Жетісу, Құлжа) саяхат жасады.

Кітап қазақтың ұлы ғалымы және ағартушысы – Ш.Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына орайластырылып шығарылды. Экспедиция мүшелерінің жеке және тікелей саяхат барысында алған әсерлері негізінде жазылған еңбек жалпы көпшілік оқырманға арналған. 

1558 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper