Ұлттық музей мерекелік флешмоб өткізді

Сейсенбі, 26 Мамыр 2015 17:14

ҚР Ұлттық музейі Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтарының қатысуымен Халықаралық музейлер күніне арналған флешмоб өткізді.

Музей алаңында өткен флешмобқа кәсіби би ұжымдары және еріктілер мен моберлерден құралған 300-ден астам адам қатысты. Онда Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы және еліміздегі музей ісінің өткені мен бүгіні театрландырылған қойылым арқылы сахналанды.

Қойылым кезінде Қазақ хандығының тарихынан сыр шертіліп, «Мәңгілік ел» идеясы насихатталды. Сақ жауынгерінің киімдерін киген жастар сап түзеп, елге, жерге қорған болудың жарқын үлгісін көрсетті.

Айта өтейік, флешмобтың негізігі мақсаты – 18 мамыр күні өтетін «Музей түні» шарасына келушілердің назарын аудару. «Музей түні» алғаш рет Берлинде 1997 жылы өтіп, кейіннен дәстүрлі шараға айналды. Ал, Қазақстанда 2006 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл шара музей қызметкерлерінің мерекесі ретінде саналады.

2489 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper